CaspianLife, 5 наурыз. Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Нахчыван қаласындағы азаматтық нысандарға ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл жасауына байланысты өз ұстанымын білдірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайды. «Сонымен қатар Мемлекет басшысы Иранмен бірлесіп аталған оқиғаға жан-жақты тергеу жүргізіледі деген үміт білдірді. Сондай-ақ өңірдегі шиеленістің ушығып кетуіне жол бермеу үшін жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін атап өтті», — деп жазды Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 5 наурыз. Ильхам Алиев бүгін Бакуде Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Иранның ресми тұлғалары Әзербайжан тарапынан кешірім сұрауы тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Өз сөзінде Ильхам Алиев бүгін Иран тарапынан Әзербайжан мемлекетіне қарсы террористік акт жасалғанын айтты. Оның сөзінше, Нахчыван Автономиялық Республикасының аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасалған. Шабуыл нысанасына азаматтық нысандар – Нахчыван халықаралық әуежайы, терминал ғимараты және мектеп ілінген. «Әзербайжан мемлекеті бұл жиіркенішті террористік актіні қатаң айыптайды. Оны жасағандар дереу жауапкершілікке тартылуы тиіс. Иранның ресми тұлғалары түсініктеме беріп, Әзербайжан тарапынан кешірім сұрауы қажет», – деді И.Алиев. Сонымен қатар ол Әзербайжанның бұрын да, қазір…
CaspianLife, 5 наурыз. Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Иранның қарулы күштері Әзербайжан Республикасының Нахчыван Автономиялық Республикасы аумағындағы әуежай мен басқа да азаматтық инфрақұрылым нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып шабуыл жасаған. Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарының техникалық сипаттамалары мен аталған шабуылдардың барлық мән-жайы қазіргі уақытта зерттеліп жатыр. Сондай-ақ министрлік Иран Ислам Республикасының қарулы күштері тарапынан ешқандай әскери қажеттілік болмағанына қарамастан ел аумағындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды қатаң айыптайтынын атап өтті. «Орын алған оқиғаға толық жауапкершілік Иран Ислам Республикасына жүктеледі. Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, сондай-ақ азаматтық тұрғындар мен…
CaspianLife, 5 наурыз. Бүгін шамамен түскі уақытта Иран Ислам Республикасының аумағынан Әзербайжанның Нахчыван Автономиялық Республикасына ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы соққы жасалды. Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми мәлімдемесінде айтылды. Мәлімдемеде көрсетілгендей, бір дрон Нахчыван Автономиялық Республикасындағы әуежай терминалының ғимаратына соғылған, ал тағы бір дрон Шакарабад ауылындағы мектеп ғимаратының маңына құлаған. «Иран Ислам Республикасының аумағынан жасалған бұл дрондық шабуылдарды қатаң айыптаймыз. Соның салдарынан әуежай ғимараты зақымданып, екі бейбіт тұрғын зардап шекті. Әзербайжан Республикасының аумағына жасалған бұл шабуыл халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын бұзу болып табылады және өңірдегі шиеленісті күшейтеді. Біз Иран Ислам Республикасынан осы оқиға бойынша қысқа мерзім…
Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компанияларға, сондай-ақ өңір әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлар мен теңіз және өзен порттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына жүктелді», — деп жазды А.Смадияров өзінің ресми Telegram-арнасында.
CaspianLife, 4 наурыз. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Беларусь Республикасының Гродно облыстық атқару комитетінің төрағасы Юрий Караев бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар Маңғыстау мен Гродно облыстары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі, ағаш өңдеу өнеркәсібі, туризм, сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу қорытындысында өңіраралық әріптестікті дамытуға бағытталған 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары – Жол картасына қол қойылды. Құжат мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуды, инвестиция тартуды, бизнес-форумдар мен B2B кездесулерін ұйымдастыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет және туризм салаларындағы…
CaspianLife, 4 наурыз. Атырау облысында үйректің аталықтарын (селезень) аулауға арналған көктемгі аңшылық маусымы ашылады. Тиісті бұйрыққа 27 ақпанда Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қол қойды. Құжатқа сәйкес, аң аулауға 21 наурыздан 4 сәуірге дейін рұқсат етіледі. Маусымның ұзақтығы 15 күнтізбелік күнді құрайды. Инспекцияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланғандай, көктемгі аңшылық өңірдегі бекітілген аңшылық алқаптарында жүргізіледі. Атап айтқанда, Атырау облыстық аңшылар және балықшылар қоғамына қарасты «Құрманғазы», «Исатай» және «Жылыой» аңшылық алқаптарында аң аулауға болады. Сонымен қатар «Astau LPR» ЖШС-іне бекітілген «Қызылқоға» және «Қиғаш» учаскелерінде, сондай-ақ жеке кәсіпкер С. Қанатбаевқа қарасты «Жылыой–Желтау» аңшылық алқабында аңшылыққа рұқсат беріледі. Сонымен…
CaspianLife, 4 наурыз. 3 наурыздан 4 наурызға қараған түні Air Astana әуе компаниясы төрт репатриациялық рейс орындады: Медина–Атырау, Медина–Ақтау және Жидда–Атырау бағытында екі рейс. Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанға оралған жолаушылардың жалпы саны 640 адамды құрады. Сондай-ақ жолаушыларға қолайлы болу үшін әуе компаниясы Атыраудан Алматыға екі рейс және Астанаға бір рейс орындаған. Сонымен қатар 4 наурызға қосымша екі репатриациялық рейс жоспарланғаны хабарланды. Олар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылады: — Жиддадан Ақтауға ұшу сағат 18:00-де, Ақтауға қону 01:05+; кейін Алматыға келу 06:05+. — Жиддадан Атырауға ұшу сағат 20:45-те, Атырауға қону 05:05+; кейін Алматыға келу 09:55+. Барлық уақыттар…
CaspianLife, 3 наурыз. Жаңа Конституцияда білім мен ғылым салаларына баса назар аударылған. Бұл бағыттағы жаңашылдықтар – өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, ғылыммен айналысуына кең мүмкіндік беретін маңызды қадам ретінде бағалануда. Сонымен қатар, құжатта табиғатқа жанашырлық таныту мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау мәселесінің заңнамалық деңгейде бекітілуі де ерекше қолдау тапты. Қоғамда «табиғатты аялайық» деп жиі айтқанымызбен, оны күтіп-баптау мәдениетін қалыптастыру ісінде кемшіліктер бар екені жасырын емес. Осы орайда Маңғыстау туризм колледжі басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлнұр Кушанова жаңа Конституция аясында білім мен тәрбие бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Оның айтуынша, ұжым алдағы уақытта жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жауапкершілікпен қарау…
CaspianLife, 3 наурыз. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында айтылды. Жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов жол сапасына қатысты азаматтардың өтініштері көбейгеніне назар аударды. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімдіктерге тұрғындардың шағымдарына жедел әрекет ету, жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. «Сапалы жолдар – бұл тек қатынау жайлылығы ғана емес, сонымен қатар өңірлердің экономикалық өсуі мен инвестициялық тартымдылығының негізі. Сондықтан жолдарды салу және қайта жаңғырту технологияларын қатаң сақтау, жобаларды уақтылы іске асыру – Көлік министрлігінің де, барлық әкімдіктердің де міндеті. Бұл мәселелер бірінші басшылардың тұрақты бақылауында болуы тиіс», – деді Олжас Бектенов. Өткен жылы жергілікті жолдар мен көшелердің талапқа…
