CaspianLife, 10 наурыз. Атырау облысында Қызылқоға ауданына қарасты Жаңгелдин ауылында бір отбасының жоғалуына байланысты аса ауыр қылмыс ашылды. ҚР Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адам, 64 жастағы әйел және олардың балалары – 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар түскен. Туыстары отбасының қараша айынан бері байланысқа шықпағанын айтып, олардың қайда екені белгісіз екенін жеткізген. Осыдан кейін төртеуі де іздеуге жарияланып, сотқа дейінгі тергеу басталған. — Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Атырау қаласының тұрғыны полицияға ағасы мен оның отбасы ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай жатқанын айтып…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 10 наурыз. 2026 жылдың 8 наурызында Әзербайжан Республикасы Президенті Ильхам Әлиев пен Иран Ислам Республикасы Президенті Масуд Пезешкиан арасында болған телефон арқылы әңгімеге сәйкес, дос және көршілес Иран халқының ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Иранға гуманитарлық көмек жіберілді. Әзербайжан ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша гуманитарлық жүкті Иран Ислам Республикасына ТЖМ көліктерімен жөнелтті. Гуманитарлық көмектің құрамына 10 тонна ұн, 6 тонна күріш, 2,4 тонна қант, 4 тоннадан астам су, шамамен 600 килограмм шай, сондай-ақ 2 тоннаға жуық дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар кірді.
CaspianLife, 10 наурыз. Бұл мұнай құбыры Қазақстанның батысындағы Ақтөбе және Атырау облыстары арқылы өтіп, мұнайды «аверс» және «реверс» режимдерінде тасымалдайды. «ҚазТрансОйл» ұлттық операторының баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы «Кеңқияқ–Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы тасымалданған мұнай көлемі 100 млн тоннаға жеткен. Хабарламада аталған құбыр «Өзен–Атырау–Самара» мұнай құбыры және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) бағытына мұнай жеткізуді қамтамасыз ететіні айтылған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан мұнайы Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) және Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПКОП) ЖШС-не, сондай-ақ экспорттық бағыттарға тасымалданады.
CaspianLife, 10 наурыз. Бұл туралы «Еділ–Каспий макроөңірі: табиғи жүйелер және тұрақты даму» атты ғылыми-сараптамалық семинар барысында Астрахань мемлекеттік қорығы директорының орынбасары Кирилл Литвинов мәлімдеді. Астрахань мемлекеттік қорығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара өткен аптада Орыс географиялық қоғамының (ОГҚ) орталық штаб-пәтерінде өтті. Семинарды С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университеті мен ОГҚ ұйымдастырды. Биология ғылымдарының кандидаты, ихтиолог Кирилл Литвинов өз баяндамасында «Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі жағдайында Еділ атырауы экожүйесінің құрылымдық өзгерістері» тақырыбын қозғады. Оның айтуынша, Еділ атырауы экожүйесіне әсер ететін ең негізгі фактор – гидрологиялық режим. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі ең алдымен авандельтаның (балықшылар «раскаттар» деп атайтын аймақ) тез тайыздануына және өсімдіктермен қапталуына әкеледі.…
Caspianlife, 10 наурыз. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы елге қайтару жұмыстары алты ай бойы жүргізілген. Осы уақыт ішінде дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер өткізіліп, Грузияның құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылған, қажетті құжаттар рәсімделіп, рәсімнің құқықтық сүйемелдеуі қамтамасыз етілген. «Кәмелетке толмаған қыз шет мемлекет аумағында заңды өкілдерінің тиісті күтімі мен қарауынсыз болғандықтан, уақытша мамандандырылған мекемеге орналастырылған», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта қыз бала қауіпсіз жағдайда. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Баланы әрі қарай отбасына орналастыру мәселесі заңнама талаптарын сақтай отырып және оның…
Caspianlife, 10 наурыз. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан еліміздің азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда. ҚР СІМ мәліметінше, эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен жалпы 8 585 қазақстандық Отанына оралды. Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде іс-қимылды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатуда.
CaspianLife, 10 наурыз. Әлеуметтік желілерде Иран аумағының үстінде «қышқыл бұлттар» пайда болып, олар Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген ақпарат тарауда. Алайда Қазгидромет ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мәліметінше, мұндай хабарламалар бақылау нәтижелерімен расталмаған. Иран үстінде пайда болды делінген «қышқыл бұлттар» Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген ақпарат ғылыми деректермен де, жүргізілген бақылаулармен де дәлелденбейді. Мамандардың түсіндіруінше, қышқыл жауын-шашын негізінен өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларынан атмосфераға бөлінетін күкірт пен азот оксидтерінен түзіледі. Әдетте олар ластану көздеріне жақын аймақтарда байқалады. Ал ауа массалары алыс қашықтыққа тараған кезде табиғи атмосфералық үдерістердің әсерінен бұл заттардың концентрациясы айтарлықтай төмендейді. «Мониторинг деректеріне сәйкес, мұндай ластаушы заттардың Қазақстан…
Caspianlife, 6 наурыз. Қазақстан үкіметінде ұлттық экономика вице-министрі – Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін бірнеше негізгі мәселе қаралды. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, картопты экспорттауға тыйым салу жоспарланбайды. Ішкі нарықтағы бағалардың айтарлықтай тұрақтануы мен жеткілікті қорлардың болуына байланысты картоп экспортына уақытша шектеулер енгізу тиімсіз деп танылды. Сиыр етін экспорттаушыларға квота алу талаптарын жеңілдету туралы шешім қабылданды. Қолданыстағы квоталарды бөлу механизмі 5 мың басқа дейінгі өздігінен азықтандыру алаңдарының және жеке ет комбинаттарының болуын талап етеді. ВАК мүшелері шешім қабылдауда үкімет бекіткен мал шаруашылығын…
CaspianLife, 6 наурыз. Бұл туралы Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорси Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесу барысында мәлімдеді. Аймақтық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде өңірдің экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ көлік және логистика, инфрақұрылым, энергетика және экология салаларында ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әкім өңірдің транзиттік және логистикалық әлеуетін атап өтіп, Ақтау мен Құрық теңіз порттарының мүмкіндіктерін, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясындағы стратегиялық маңызын көрсетті. Сонымен қатар, ол осы салалардағы өсімді атап өтіп, аймаққа келетін инвесторларға қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. — Маңғыстау облысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие. Біз Ұлыбритания…
Caspianlife, 5 наурыз. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Shell plc компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі Ақтөбе облысында орналасқан «Жанатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшартқа қол қойды. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатқа ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров пен «Shell» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы Сюзанн Куган қол қойған. Келісімшарт қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуді, деректер жинауды және қажетті реттеуші рұқсаттар алынған жағдайда техникалық бағалау жүргізуді көздейді. «Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және тұрақты экономикалық өсімді ынталандыру мақсатында көмірсутектердің ұзақ мерзімді ресурстық базасын қалыптастыруға ықпал етеді», — деді ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров. Ал «Shell»…
