CaspianLife, 15 наурыз. Бүгін С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова №32 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды сәтте ректор Конституциялық реформаларға қатысты өз ойын білдірді: «Әрбір азаматтың дауысы — Жаңа Қазақстанның іргетасын қалауға қосылған үлес», – деді Гүлзада Тәнірбергенқызы. Университет ұжымы мен студенттері де саяси науқанға белсенді қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруде.
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 15 наурыз. Қала тұрғындары өз азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін референдум учаскелеріне келіп жатыр. Дауыс бергендердің қатарында Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар» клубының мүшесі, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенті Ақтілек Есенгелді де бар. Оның айтуынша, референдумға қатысу — әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосуына берілген маңызды мүмкіндік. «Бүгін мен өз дауысымды беру үшін учаскеге келдім. Осындай маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысу — әр азаматтың азаматтық парызы деп санаймын», — деді Ақтілек Есенгелді. Еске сала кетейік, дауыс беру өңірдегі барлық сайлау учаскелерінде өтіп жатыр.
CaspianLife, 15 наурыз. Атырауда таңғы сағат 07:00-ден бастап қоғамдық көліктер тегін қызмет атқаруда. Яғни, тұрғындар мен қала қонақтары автобус қызметін бір күн бойы ақысыз пайдалана алады. Бұл бастама тұрғындардың референдум учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне және қала ішінде еркін қозғалуына мүмкіндік беру мақсатында жасалған. Өңірдегі қоғамдық көліктің барлық бағыттары жолаушыларды тегін тасымалдап, тұрғындар арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастыруда. Жолаушылар болса, саяси науқан бойынша ойларымен бөлісіп, пікір алмасуда. Сөздерінше, тарихи күні автобуспен жүрудің тегін болғаны халыққа тиімді.
Caspianlife, 15 наурыз. Атыраудағы №85 сайлау учаскесінде барлығы 2155 сайлаушы тіркелген. Аталған учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі шектеулі 14 азамат бар. Бұл учаскеде дауыс бергендердің қатарында білім беру саласының ардагері Жәнібек Ибрашев те болды. Оның айтуынша, ел азаматтарының әр саяси науқан сайын белсенділігі артып келеді.
CaspianLife, 15 наурыз. Бүгін, 15 наурыз күні республикалық референдум өткізілуіне байланысты Маңғыстау облысының бірқатар сайлау учаскелерінде арнайы фотозоналар ұйымдастырылды. Олар тақырыптық баннерлер мен пресс-стендер арқылы бірыңғай визуалды стильде безендірілген. Фотозоналар референдум күні мерекелік атмосфера қалыптастыру және біртұтас ақпараттық-визуалды кеңістік құру мақсатында жасалған. Барлық алаңдар ортақ стилистика, визуалды элементтер мен науқанның символикасын пайдалана отырып, сондай-ақ #Референдум2026 хэштегімен безендірілген. Бұл шараның жалпыұлттық ауқымын айқындай түседі. Дауыс бергеннен кейін өңір тұрғындары баннерлер мен пресс-стендердің алдында суретке түсіп, ел үшін маңызды күнге қатысқан сәттерін естелік ретінде сақтап қалуда. Фотозоналар сайлау учаскелерінің безендірілуіндегі ерекше элементке айналып, референдум күні айрықша атмосфера қалыптастыруда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірыңғай визуалды…
CaspianLife, 15 наурыз. Учаске ашылған сәтте Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, алғашқы сайлаушы өз таңдауын жасады. Алғашқылардың бірі болып дауыс берген доссорлық тұрғын Жәнібек Қабиұлы референдумның маңыздылығын атап өтті. “Бүгін ауданда алғашқылардың бірі болып өз дауысымды беріп жатырмын. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз пікірін білдіретін маңызды сәт”,– деді ол. Референдум учаскесінде дауыс беру талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауын жасауына барлық жағдай жасалған.
CaspianLife, 15 наурыз. Махамбет ауданы бойынша 18 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Таңғы сағат 7:00-де аудан орталығындағы Есенбай Ағелеуов атындағы орта мектепте орналасқан №219 сайлау учаскесінің ашылу рәсімі өтіп, алғашқы боп дауыс берушілерге естелік сыйлықтар табысталды.
CaspianLife, 15 наурыз. Учаскелерде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, алғашқы дауыс берушілердің легі көріне бастады. Ауданда жалпы саны 15 референдум учаскесі жұмыс жасаса, оған 15 436 азамат дауыс беруге құқылы. Сондай-ақ, халықтық референдум күніне орай Исатай ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан орталығы Аққыстау ауылында тегін маршрут ұйымдастырылуда. Аталмыш маршрут үш бағыт бойынша қатынайды. Мақсат – халықтық референдумға қатысушы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.
Caspianlife, 13 наурыз. 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі барлық азаматтарға үндеу жасады. Ведомствоның Polisia.kz ресми сайтында министрліктің өкілі Шыңғыс Алекешевтің мәлімдемесі жарияланды. Ол мұндай күндері ақпараттық кеңістікте қоғамды жаңылыстыру және адастыру мақсатында фейк хабарламалар мен әдейі таратылатын жалған ақпараттар жиі пайда болатынын еске салды.Сондай-ақ цифрлық технологиялардың, нейрожелілер мен генеративті жасанды интеллекттің дамуына байланысты жалған контентті жасау және тарату әлдеқайда жеңілдегені айтылды. Қысқа уақыт ішінде кез келген пайдаланушы адамдарды жаңылыстыруы мүмкін сенімді көрінетін материалдарды жасап, тарата алады. «Әдейі жалған ақпарат тарату – заң бұзушылық екенін атап өткіміз келеді. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…
Caspianlife, 13 наурыз. АҚШ доллары – тек экономикалық құрал ғана емес, ол елдің тарихы, мәдениеті және рухани құндылықтарының символына айналған ерекше белгі. Әсіресе доллар мен монеталарда жазылған “In God We Trust” («Біз Құдайға сенеміз») сөзі Америка қоғамының дүниетанымы мен тарихи кезеңдерін бейнелейтін маңызды ұғым болып саналады. Бұл жазу алғаш рет 1864 жылы АҚШ монеталарында пайда болды. Сол кезеңде елде ауыр тарихи жағдай – Азамат соғысы (1861–1865) жүріп жатқан еді. Қоғамда сенім мен рухани тірекке деген қажеттілік күшейген шақта мемлекет халықтың бірлігін нығайту мақсатында монеталарға діни мазмұндағы сөздерді енгізуді қолға алды. Алғаш болып бұл жазу екі центтік монетаға басылып шықты. Кейінірек,…
