CaspianLife, 19 наурыз. Әскери ведомствоның ресми ақпаратында бұл Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің (ӘТК) кемелері қатысқан үш кезеңнен тұратын командалық-штабтық оқу-жаттығулар екені және олардың Каспий теңізінің қазақстандық секторында өткендігі атап өтілді. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ӘТК күштері мен құралдары жедел режимді қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік міндеттерді орындау аудандарына орналастырылды. – Негізгі назар теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимылына аударылды, – деді оқу-жаттығу жетекшісі, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, бірінші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков. Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен суасты диверсиялық күштерге қарсы күрес ротасының жеке құрамы шартты түрде террористер басып алған азаматтық кемені босату тапсырмасын…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 наурыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 наурыздағы қаулысы қабылданып, арнайы экономикалық аймақтарға қатысты өзгерістер енгізілді. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) аумағы Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында жалпы көлемі 569,6148 гектар болатын жер учаскелерін қосу арқылы кеңейтілді. Олардың қатарында:– Мұнайлы ауданының өнеркәсіптік аймағы (187 га),– «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-нің жер учаскесі (382,6148 га) бар. «Осылайша, АЭА-ның жалпы аумағы 10 384,1178 гектарға жетті», – делінген хабарламада. Сонымен қатар, «Ақтау теңіз порты» АЭА Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, сондай-ақ Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары аумағында орналасқаны атап өтілді. Бұдан бөлек,…
Caspianlife, 19 наурыз. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу бойынша инвестициялық келісімге қол қойды. Құжатқа ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС бас директоры Гэ Личунь қол қойды. Аталған компания 2024 жылы Қытайдың ірі мемлекеттік энергетикалық корпорацияларының бірі – China Huadian Corporationмен бірлесіп құрылған. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаға салынатын инвестиция көлемі шамамен 108 млрд теңгені құрайды, оның 70%-ын қытайлық серіктес қаржыландырады. Бу-газ қондырғысын МАЭК алаңында 2027 жылдың маусым айында іске қосу жоспарланған. Келісім аясында қазақстандық мамандар үшін 300-ден астам жұмыс орны ашылады (уақытша…
CaspianLife, 19 наурыз. Өткен түні «112» пультіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс даңғылындағы автомобиль көпірінен Жайық өзеніне бір адамның секіргені туралы хабар түсті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында жағалауда тұрған екі азамат алғашқы көмек көрсеткен: бірі жедел қызметтерді шақырса, екіншісі суға секіріп, көмектесуге тырысқан. Оқиға орнына келген ТЖД бөлімшелері судан 2009 жылы туған зардап шегушіні және көмек көрсеткен азаматты жедел түрде алып шықты. Зардап шегуші жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. «Бұл жағдай азаматтардың бейжай қалмауы мен батылдығының, сондай-ақ жедел қызметтердің үйлесімді жұмысының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді — олардың әрекетінің арқасында адам өмірі сақталып қалды», – делінген хабарламада.
Caspianlife, 19 наурыз. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2026 жылғы 3 наурызда №78 бұйрыққа қол қойды. Бұйрық «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен өнімдерін пайдалану, сондай-ақ оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» деп аталады. Олег Тушканов атап өткендей, әуесқой (спорттық) балық аулаудағы ең маңызды өзгеріс – түнгі уақытта, яғни жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден келесі күнгі 06:00-ге дейін балық аулауға тыйым салу. Осылайша, құқықтық қайшылық жойылды. Бұған дейін құқық қорғау органдары мен ТЖ қызметі балықшыларға түнгі уақытта су айдындарына шығуға тыйым салса, ал балық шаруашылығы инспекциясында мұндай нақты шектеу қарастырылмаған болатын. «Аталған бұйрық 2026 жылғы…
Caspianlife, 18 наурыз. 2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркелді. Жалпы некелесу коэффициенті 5,69-ды құрады (1000 адамға шаққанда). Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, некеге тұру жиілігі ең жоғары өңірлер:— Астана қаласы – 1000 адамға шаққанда 6,75,— Қарағанды облысы (6,32),— Шығыс Қазақстан облысы (6,27). Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 1000 адамға 5,06. Қалалық жерлерде 78,9 мың неке (68,1%), ауылдық жерлерде 37 мың неке (31,9%) тіркелген. Алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,3 жас болды. Отбасын алғаш құрғандардың ішінде ерлердің 77%-ы, әйелдердің 78%-ы бірінші рет некеге тұрған. Ал ажырасқаннан кейін қайта некеге тұрғандар үлесі ерлерде 22%, әйелдерде…
Caspianlife, 18 наурыз. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша ел аумағындағы барлық аумақтық бөлімшелерді қамтитын тексерістер жүргізуді бастады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексерістерге Атырау облысында азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруға жолдау кезінде құқық бұзушылық белгілері бар фактілердің анықталуы негіз болған. «Қолда бар материалдарға сәйкес, кейбір медициналық ұйым қызметкерлері мен дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының әрекеттерінде медициналық құжаттарға жалған мәлімет енгізу белгілері байқалады», – делінген ведомство мәлімдемесінде. Аталған фактілер бойынша материалдар құқықтық баға беру және заңнамада белгіленген тәртіппен процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау…
Caspianlife, 18 наурыз. Ресейдегі «Компас» экологиялық бастамаларды қолдау және дамыту қоры Дағыстан мемлекеттік университетімен бірлесіп Каспий итбалығы популяциясын зерттеу және сақтау бойынша кешенді бағдарлама аясында 13-ші ғылыми экспедиция өткізді. «Ғалымдардың пікірінше, Каспий итбалығының жаппай қырылуының және соның салдарынан популяцияның азаюының негізгі себебі – олардың құс тұмауын жұқтыруы», – делінген «Компас» қоры таратқан ақпаратта. Дағыстан жағалауындағы Каспий теңізінің кейбір учаскелерінде құстардың жаппай қырылу деректері тіркелуіне, сондай-ақ Әзербайжан жағалауында да осындай жағдайлар туралы хабарламаларға байланысты «Компас» қорының ғылыми-экспедициялық тобы Аграхан шығанағы мен оған іргелес су айдынын және жағалау аймақтарын зерттеді. Аграхан шығанағы – Еуразиядағы құстардың көші-қон жолындағы ең ірі аялдау орындарының бірі.…
CaspianLife, 18 наурыз. Бүгін Қазақстанда Ұлттық киім күні атап өтілуде – бұл Наурызнама жалпыұлттық онкүндігінің бесінші күні. Бұл мерекені мұнайлы астананың тұрғындары да ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Қала көшелері мерекелік көңіл-күйге бөленді: түрлі-түсті ұлттық киім киген тұрғындар Сұлтан Бейбарыс даңғылынан Исатай мен Махамбет алаңына дейін шеру жасап өтті. – Бұл іс-шара еліміздің басқа өңірлерінде де осындай шерулерді кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Оған қала тұрғындары мен қонақтары, мемлекеттік қызметкерлер, түрлі компания өкілдері, кәсіпкерлер қатысты, – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ердоc Әбдісаттаров. Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік шеруге қатысқан Атыраудың 5 мыңға жуық тұрғыны қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетіне, бай мұрасына…
CaspianLife, 18 наурыз. Бұл оқиға кеше Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған — «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысқан. Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бір жолаушы түрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
