Caspianlife, 17 наурыз. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты. Құжат 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Ал Қазақстанда Конституция күні енді жыл сайын 15 наурызда жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі. Сондай-ақ Қ.Ж. Тоқаев мемлекет тағдырына бейжай қарамай, дауыс беруге қатысқан барлық отандастарға алғысын білдірді: «Ұлттық мүддені толық қолдап, Негізгі заңды жақтаған және дауыс беруді тарихи миссия ретінде қабылдаған азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы ретте Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының, Жетісу өңірінің…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 наурыз. Атырау облысында полиэтилен зауытының құрылысы аясында ірі тоннажды әрі ірі габаритті жабдықтарды тасымалдаудың алғашқы кезеңі басталды. «Силлено» ЖШС (Silleno LLP) баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылғы теңіздік және өзендік навигация жобаның логистикасы үшін маңызды кезең болады. Болашақ зауыттың пиролиз қондырғысына арналған жабдықтың бірінші бөлігі қазір жолда. Жүк жалпы салмағы 11 760 фрахт тоннасына тең (шамамен 200 жүк вагонға сай келеді). Партия құрамында 9 бірлік сыйымдылық жабдығы бар, оның ішінде реакторлар, сепараторлар және бағаналар бар. Логистикалық операция 13 наурызда Шанхай портына жабдықты теңіз кемесіне тиеуден басталды. Жол маршруты күрделілігі мен ұзақтығы бойынша ерекше: кеме Түркиядағы Хайдарпаша портын бағыт алады,…
CaspianLife, 17 наурыз. Бұл бүгін түнде Атырау–Дамба автожолындағы автожанармай бекетінің жанындағы теміржол өткелінде орын алды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тепловоз бен 2000 жылы туған азамат басқарған Volkswagen Passat маркалы автомобиль соқтығысты. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тиісті материалдар жиналып жатыр.
CaspianLife, 17 наурыз. Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан әуе компаниялары ішкі рейстер санын арттыруда. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Air Astana және FlyArystan компаниялар тобы 2026 жылғы 16–29 наурыз аралығында ел ішіндегі ең сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс жоспарлаған. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі. Сондай-ақ Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Атырау, Өскемен, Орал бағыттарына қосымша рейстер ұйымдастырылады. Өз кезегінде SCAT әуе компаниясы да қосымша рейстер ашуды жоспарлап отыр: 19–21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс және Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс орындалады. Сонымен қатар…
Caspianlife, 17 наурыз. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі басшысы Ерлан Ақкенженов пен Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу кездесу барысында осы мәселені талқылады. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздер барысында тараптар мемлекет басшылары деңгейінде қабылданған бірлескен бастамалардың жүзеге асырылу барысын пысықтап, алдағы ынтымақтастықтың жаңа басымдықтарын айқындады. Ерлан Ақкенженов Италияның Қазақстан үшін сенімді серіктес болып қала беретінін атап өтіп, екіжақты диалогтың нақты индустриялық жобаларға ұласып жатқанын жеткізді. Кездесуде ресурстық базаны кеңейту мәселесіне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың қаңтарында QazaqGaz және Eni компаниялары Каспий маңы бассейніндегі «Каменковский» учаскесін зерттеудің практикалық кезеңіне өтті. Сонымен қатар «Оңтүстік Шу-Сарысу» және «Береке» учаскелері бойынша жұмыстар…
CaspianLife, 16 наурыз. Қасым-Жомарт Тоқаев «Туризм саласын және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл құжат аясында БЖСМ жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын арттыру шаралары қарастырылған. – БЖСМ жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысы лауазымдық айлықтан 30%-ға ұлғаяды. Бұл үстемақы біліктілік тестінен өткен және ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес оқу-жаттығу процесін жүргізетін мамандарға төленеді, – делінген министрлік сайтында жарияланған ақпаратта. Қазіргі уақытта елде 526 БЖСМ жұмыс істейді,…
CaspianLife, 16 наурыз. Қазгидромет РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, бүгін қалада жауын-шашынсыз ауыспалы бұлтты ауа райы және шаңды дауыл байқалуда. Бұл туралы Атырау облыстық Экология департаменті хабарлады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9–14 м/с, кей тұста екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы +12°C, салыстырмалы ылғалдылық — 38%. Сонымен қатар, атмосфералық ауаны бақылау станцияларының деректеріне сәйкес, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерінен асу фактілері тіркелмегені атап өтілді. Экологтар тұрғындарға шаңды дауыл кезінде мүмкіндігінше сыртқа шықпауға, аса қажет болмаса үйде болуға кеңес береді.
Caspianlife, 16 наурыз. Атырауда өңірдегі ең ірі жобалардың бірі – 12 мың көрерменге арналған заманауи стадион құрылысы басталды. Бұл жоба аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға бағытталған. Өңірлік коммуникациялар қызметі мәліметінше, нысан шамамен 10 гектар аумақты қамтитын Атырау-2 шағынауданында орналасады. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өткен. Құрылыс алаңын тегістеу, техниканы жұмылдыру секілді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Дархан Тілепбергеннің айтуынша, стадион UEFA IV санатына сай болады. Бұл онда халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. – Кешеннің негізгі бөлігі…
Caspianlife, 16 наурыз. Мемлекет басшысы бұл туралы республикалық референдум аясында өткен үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқан жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Ақорда сайтының хабарлауынша, кездесу «Қазмедиа орталығы» студиясында өтті. Президент референдум өткен күннің тарихи маңызын атап өтіп, жастарға алғыс білдірді. – Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын, – деді Мемлекет басшысы. Президент жаңа Конституция ең алдымен жастарға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Негізгі заңға волонтерлік қызмет, ғылым,…
Caspianlife, 15 наурыз. Ол Қызыл балық ауылының №70 референдум учаскесінде дауыс берді. Оның сөзінше, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға әр азамат үлес қосуға міндетті. «Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, осындай маңызды саяси науқандарға қатысуы керек деп ойлаймын»,- деді Ерұлан Қабдолов. Айта кетейік, дауыс беру учаскелері кешкі уақытқа дейін жұмыс істейді.
