Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 30 наурыз. Әлеуметтік желілерде және видеохостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұсталым енгізу туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдаланып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқарады деген жалған ақпаратпен видеороликтер таратып жатыр. «Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Қазақстан Ұлттық банкі айқындайтын болжамды инфляция деңгейіне сәйкес 10%-ға арттырылды», – делінген хабарламада. Министрлік сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен күнкөріс минимумының 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын…

Read More

Caspianlife, 30 наурыз. Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 54 жастағы ер адамды ұстады. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азамат құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірген. Тінту кезінде оның үйінен салмағы 5 келіден асатын 62 түп қарасора табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтардың өз пікірін білдіру кезінде, оның ішінде онлайн-платформаларда және басқа да қоғамдық ақпараттық алаңдарда заңнаманы қатаң сақтау қажеттігіне назар аударады. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, кейбір адамдар ұлттық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға және ғасырлар бойы тек елімізде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де тойланып келе жатқан Наурыз мерекесіне қатысты жағымсыз пікірлерді ашық түрде таратқан жағдайлар тіркелген. «Олардың барлығы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өздерінің жалған діни догмаларымен үйлеспейтіні туралы бұрмаланған пайымдарымен сүйемелденген», – делінген үндеуде. Бұдан әрі мұндай мәлімдемелер Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін айқындайтын Конституция қағидаларына қайшы келетіні, сондай-ақ қоғамдағы, конфессияаралық және ұлтаралық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін…

Read More

CaspianLife, 30 наурыз. Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды. Тиісті Жарлық бүгін таңертең Akorda.kz сайтында жарияланды. CaspianLife ескертпесі: «Батыс» өңірлік қолбасшылығы– Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің құрылымдық бөлімшесі. Ол 2003 жылы құрылған. Штабы Атырау қаласында орналасқан. Қолбасшылық Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Read More

CaspianLife, 30 наурыз. Ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) туралы алғашқы ақпарат бүгін күндіз әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиға орнынан түсірілген делінген фото мен видеолар WhatsApp арқылы таратылған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі CaspianLife редакциясына нақты мәліметтерді ашып айтпай, өңір аумағында ҰҰА құлағанын растады. Тек уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шаралары жүргізіліп жатқаны қысқаша хабарланды. «Нысан елді мекеннен тыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді полиция.

Read More

Caspianlife, 26 наурыз. Атап айтқанда, «ҚЖСА» МКК қызметін тексеру кезінде тарифтік сметаны орындамаған факті – 30 млн теңге көлемінде анықталды. Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, заң талаптарына сәйкес, бекітілген тарифтік сметаның шығыс баптарының орындалмауы уақытша өтемдік тариф енгізуге негіз болып табылады. Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде су бұру қызметінің тарифі 3%-ға төмендетілді, ал сумен жабдықтаушы кәсіпорынға 3,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Осылайша, 105 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 1,5 мың бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.

Read More

CaspianLife, 26 наурыз. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ағымдағы жылдың наурыз айында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі таратылуына қарсы бірқатар іс-шаралар жүргізді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, «… Ақтөбе облысында жүк көлігінің тіркемесінде жасырын түрде өткізу пунктінен өтпек болған 18 шетелдік анықталды». Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткі» өндіруге арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы анықталды. Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың («тұз қышқылы», «ацетон», «фениппентан») және 1 000 кг «бромкетон-4» тасымалының жолы кесілді. Нәтижесінде бұл прекурсорлардың соңғы алушылары анықталып, есірткі зертханалары жойылды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына бағаланған 160…

Read More

CaspianLife, 26 наурыз. Кеше Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданына қарасты Қарауылтөбе ауылының тұрғындары далада ұшақ типтес ұшқышсыз ұшу аппаратын  тапты. Бұл туралы «Уральская неделя» Telegram-арнасы хабарлады. БҚО полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, ұшқышсыз аппаратты тиісті қызметтер тексеріп жатқаны айтылған. 26 наурыздағы толықтыруға сәйкес, аталған ұшқышсыз ұшу аппаратының ұзындығы 4 м 10 см, ені 3 м 30 см екені белгілі болды. Ақтөбе қаласынан келген ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері аппаратты қарап шықты. Оның ирандық өндірістегі «Араш-2» маркалы ұшқышсыз аппарат екені анықталды. «Жою үшін таңдалған орын қауіпсіз деп танылып, барлық мүдделі органдармен келісілді. Ұшқышсыз ұшу аппараты сол жерде жару арқылы жойылды», – делінген…

Read More

Caspianlife, 26 наурыз. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер өткізді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өнеркәсіп пен энергетика, көлік салаларындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ экология бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. ҚР Премьер-министрінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Өткен жылдың тоғыз айында 2,1 млрд АҚШ доллары көлемінде ресейлік инвестиция тартылған. Жалпы, соңғы 20 жылда тікелей ресейлік инвестициялар көлемі 28,5 млрд долларға жеткен. Ал Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салған. Хабарламада келіссөздер барысында Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және…

Read More

CaspianLife, 25 наурыз. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап, 25 наурызға күтілетін қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстар туралы хабарлады. 25 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 25 наурызға қараған түні Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Атырау қаласында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Бүгін Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр…

Read More