CaspianLife, 12 наурыз. Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алып, көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 12 наурыз күні болған. Алдын ала деректер бойынша, қаруды пайдалану кезінде жіберілген абайсыздық салдарынан әскери қызметші оқ жарақатын алған. Зардап шеккен сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 102 наурыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан арасындағы жасыл энергияны өндіру және тасымалдау саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялады. Мәжілістің пленарлық отырысында Ерлан Ақкенженов бұл келісімге үш мемлекеттің басшылары 2024 жылғы қарашада COP29 конференциясы аясында Баку қаласында қол қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжат тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды энергетикалық жобалардың бірін жүзеге асыруға негіз қалайды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бастаманың мәні – Орталық Азиядан Каспий теңізі арқылы Еуропаға экологиялық таза электр энергиясын, сутегі мен «жасыл» аммиакты экспорттауға мүмкіндік беретін «Жасыл энергетикалық дәлізді» құру. Жобаның негізгі технологиялық элементі – Каспий теңізінің түбімен жоғары…
CaspianLife, 12 наурыз. Кеше кешке әлеуметтік желілерде Теңізшевройл компаниясының Теңіз кен орны аумағындағы Үшінші буын зауытының (№65 учаске) территориясында 3GP42 сілтіні тазарту қондырғысында өрт шыққаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада оқиғаның нақты уақыты – 20:44, ал өрттің оқшауланған уақыты 21:13 екені көрсетілген. Бейресми ақпаратта оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екені, Үшінші буын зауытының жұмысы уақытша тоқтатылғаны айтылған. Ал Кешенді технологиялық желілер мен Екінші буын зауыты қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны хабарланған.
Caspianlife, 12 наурыз. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында құқық бұзушы Д.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабы 1-бөлігі (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды. Соттың мәліметінше, азаматша Д. өз үйінде рұқсат құжаттарынсыз салмағы 30 келі, ұзындығы 3–3,5 метр болатын питон жыланын ұстаған. Бұл CITES талаптарына қайшы келеді. Д.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктеме алу хаттамасымен және фотоматериалдармен толық дәлелденген. Аталған кодекстің 389-бабының 2-бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл…
Caspianlife, 11 наурыз. Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында бүкіл ел аумағында өтетін «Nauryz Sale» атты ауқымды республикалық акция басталады. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған. Акция кезеңінде сауда нысандары халыққа азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигациямен және «Nauryz» фирмалық безендіруімен белгіленеді. Сондай-ақ тақырыптық баға белгілері, брендтік көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орнатылып, сатып алушыларға жеңілдетілген бағамен сатылатын тауарларды оңай табуға мүмкіндік беріледі. Акцияға ішкі…
CaspianLife, 11 наурыз. Өткен айда (ақпанда) Enbek.kz электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын жариялаған, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметке сәйкес, қаңтар айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға (3,7 мыңға) азайған. Ал жарияланған түйіндемелер саны едәуір төмендеп, 23,1%-ға (37,5 мыңға) қысқарған. Салалар бойынша сұраныс құрылымында ең көп бос жұмыс орындары дәстүрлі түрде әлеуметтік сала мен қызмет көрсету секторына тиесілі. Ең көп вакансия білім беру саласында тіркелген — 26,9 мың. Сондай-ақ басқа қызмет көрсету салаларында — 14,6 мың, денсаулық сақтау және…
Caspianlife, 11 наурыз. Атырау облысы аумағында орналасқан Сарайшық тарихи-мәдени музей-қорығы мамандары биыл ортағасырлық Сарайшық қалашығы кешеніне кіретін бес қалашық аумағынан шамамен 250-ге жуық жәдігер тапты. Өңірлік коммуникациялар қызметі мәліметінше, сонымен қатар XIV ғасырдың ерте кезеңіне жататын тұрғын үйлердің, цитадель мен керуенсарайдың бөліктері қазылып алынған. Табылған жәдігерлер Алтын Орда дәуіріне тиесілі. Археологиялық зерттеулермен қатар көне қала аумағында реставрациялық жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды, келушілер үшін қолайлы жағдай жасалды. Қазба орындары қалпына келтіріліп, көне Сарайшық қалашығының тарихи келбетін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сарайшық тарихи-мәдени музей-қорығы бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлының айтуынша, өткен жылы Сарайшық аумағында бес жерде қазба жұмыстары…
Caspianlife, 11 наурыз. Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) 11 наурыздан бастап баяу кокстеу қондырғысында (БКҚ) жоспарлы-алдын алу жұмыстары (ЖАЖ) жүргізуді жоспарлап отыр. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шамамен 10 күнге есептелген технологиялық шаралар пештің өнімдік жыланқұбырын бу арқылы күйдіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Бұл рәсім Қазақстан Республикасының СТ РК 3517-2020 ұлттық стандарты талаптарына сәйкес құбырлардың ішкі беттерін кокс шөгінділерінен регламенттік тазарту аясында жүзеге асырылады. Сондай-ақ бұл жұмыс жыл сайын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекітетін мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестесіне енгізіледі. «БКҚ-дағы жоспарлы жұмыстар наурыз айында АМӨЗ-дің жеңіл мұнай өнімдерін өндіру жоспарына әсер етпейді. Осы кезеңде зауыт тәулігіне…
CaspianLife, 11 наурыз. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті QSR ЖШС-не (Burger King) қатысты жоспардан тыс тексеруді аяқтады. Тексеру қызметкер Қаратай Әлібектің өтініші негізінде басталған. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында өтініш берушінің уәждері расталды. Жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталған. Атап айтқанда: — қызметкерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұсталымдар жасалған;— жалақы төлемдерінің жүйелі түрде кешіктірілуі тіркелген;— нақты жұмыс істелген уақыттың есебі жүргізілмеген және мереке, демалыс күндеріндегі еңбекке жоғары мөлшерде ақы төлеу талаптары сақталмаған. Сонымен қатар ауысым кестелері қызметкерлерге заңда белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген. «Инспекторлар сондай-ақ…
CaspianLife, 11 наурыз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктері бағытында жасалған зымырандық соққылар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарын айыптады. Бұл шабуылдар салдарынан бейбіт тұрғындар арасында көптеген құрбандар болып, азаматтық инфрақұрылым нысандарына зақым келген. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы мұндай әрекеттерді мүлде қабылдауға болмайды деп санайды, себебі олар Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың қауіпті деңгейде ушығуына алып келуі мүмкін. «Қасым-Жомарт Тоқаевтің пікірінше, халықаралық даулы мәселелердің барлығын шешудің ең дұрыс жолы — дипломатиялық тәсілдерді қолдану», — деп жазды Айбек Смадияров.
