Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 ақпан. Конституцияда меншіктің барлық нысандары танылады және тең дәрежеде қорғалады (8-бап). Бұл норма ішкі және шетелдік инвесторлардың құқықтық мәртебесін тең деңгейде қамтамасыз етеді. Меншікке қол сұқпаушылық қағидаты капиталды ұзақ мерзімді жобаларға тартудың негізгі шарты саналады. Сонымен қатар, 29-баптың 4-тармағында кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, мүлікті заңды кәсіпкерлік мақсатта еркін пайдалануға кепілдік берілетіні және жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынатыны бекітілген. Осылайша, нарық субъектілерінің қызметі айқын әрі тең ережелер негізінде жүзеге асады. Жаңа редакция әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге, соттардың тәуелсіздігін күшейтуге және олардың жауапкершілгін арттыруға бағытталған. Инвесторлар үшін дауларды тәуелсіз сот арқылы шешу мүмкіндігі инвестициялық шешім қабылдаудағы негізгі факторлардың бірі болып табылады.…

Read More

CaspianLife, 25 ақпан. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов халықаралық испаниялық Aqualia компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – қала және қала маңындағы аумақтардағы сумен жабдықтау, су тазарту және су бұру жүйелерін жаңғырту мәселелері болды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөздерге табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, сондай-ақ кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылары қатысты. Кездесу барысында өңірде су ресурстарын ұтымды пайдалануға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді. — Атырауда кәріз, жауын-шашын және еріген қар суларын басқару мәселелері өзекті күйінде қалып отыр. Су — стратегиялық маңызды ресурс. Сондықтан оны тиімді әрі ұтымды пайдалану, сондай-ақ су үнемдеу…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан. Атырау облысында жасалған қос кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті Индонезия Республикасында қолға түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, қазақстандық құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде күдіктіні Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұстаған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру) бойынша күдікке алынған. Сонымен қатар, күдіктімен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен деп танылып, халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылдың қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан. Атырау қаласында 23 және 28 жастағы екі азамат ұсталды. Олар 2025 жылдың желтоқсан айынан бері Адамның иммун тапшылығы вирусы(АИТВ) инфекциясы бар екенін біле тұра және арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интимдік қызмет көрсетуді жалғастырған. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жедел іс-шараларды Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) қызметкерлері жүргізген. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Аталған дерек бойынша өзінде АИТВ-инфекциясы бар екенін біле тұра басқа адамға жұқтырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру — ауыр қылмыс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер үшін…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан. Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы вагон-мейрамханалар арнайы кесте бойынша жұмыс істейді. Бұл тәртіп шамамен 40 вагон-мейрамханада енгізіледі. Ұлттық тасымалдаушы — Қазақстан темір жолы (ҚТЖ) баспасөз қызметінің мәліметінше, вагон-мейрамханалар күн сайын таңғы 8:00-ден түнгі 24:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстайтын жолаушылардың ыңғайы үшін мейрамханалар сәресі уақытында — 04:00-ден 05:00-ге дейін ашық болады. Бұл жолаушыларға ораза басталар алдындағы таңғы ас ішуге мүмкіндік береді. Ораза кезеңінде вагон-мейрамханаларда арнайы мәзірлер ұсынылады. «Ауызашар (ифтар) кезінде жолаушыларға вагон-мейрамханаларда су мен құрма тегін беріледі. Сондай-ақ ауызашар уақытында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды», — делінген хабарламада. (Сурет: ҚТЖ PRESS Telegram-арнасы)

Read More

CaspianLife, 24 ақпан. Президенттің Каспий теңізін кешенді зерттеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет резервінен 1,1 млрд теңге бөлінді. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған қаражат «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ына бағытталады. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойған. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Қаражат теңіз мониторингін жүргізуге арналған жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыруға жұмсалады. Бұл ғылыми-зерттеу институтына теңіз акваториясында тікелей кешенді мониторинг жүргізуге, оның ішінде гидрометеорологиялық және биологиялық параметрлерге жүйелі бақылау жасауға, сондай-ақ теңіздің қазақстандық бөлігіндегі үдерістер туралы ғылыми негізделген деректер қорын кеңейтуге жол…

Read More

CaspianLife, 23 ақпан. Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы «Мұхамбет» медициналық орталығының қызметкерлерімен «Жаңа Конституция жобасының қоғамдық келісімді қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының «Аналар кеңесінің» төрайымы Амангүл Джайлханова, «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев, МО ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, «Берекет Ф» ЖШС директоры Зарета Фаталиева, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Абзал Марат қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, оның қоғамдық келісімді нығайтудағы, азаматтық жауапкершілікті арттырудағы және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын талқылау болды. Денсаулық сақтау саласының өкілдерімен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар ой-пікірлерін білдірді. Жиын барысында спикерлер конституциялық реформалардың қоғамдағы бірлік пен келісімді бекемдеуге, азаматтардың…

Read More

CaspianLife, 23 ақпан.  Қазақстанда ұсынылып отырған жаңа конституция – мемлекетті басқару архитектурасын жүйелі түрде жаңартуға бағытталған институционалдық қайта құру. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз мемлекеттің берік құқықтық іргетасын қалыптастырды. Ал жаңа заң сол негізді сақтай отырып, билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін, жауапкершілігін және тиімділігін жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді. Бұл өзгерістер жекелеген баптарды түзету емес, мемлекеттік басқару жүйесінің логикасын жетілдіру арқылы заманауи институционалдық модель қалыптастыруға бағытталған. Жаңа модель бір палаталы Парламент құруды қарастырады. Бұл шешім заң шығару процесін жеделдетуге, саяси жауапкершілікті нақтылауға және қоғам мүдделерінің өкілдігін кеңейтуге бағытталған. Пропорционалдық сайлау жүйесі арқылы саяси партиялардың рөлі артып, заңнамалық шешімдер қабылдау…

Read More

CaspianLife, 22 ақпан. Маңғыстау облысында «Технодом» дүкені қызметкерлерімен алдағы референдумға байланысты кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Жиында Жаңа Конституциядағы өзгерістердің мазмұны кеңінен түсіндірілді. Ұжым мүшелері ел үшін маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, өз таңдауларын жасайтынын айтты. Сатушы-кеңесші Ақкүміс Базарбаева да референдумға қатысатынын жеткізді. — 15 наурыз күні өтетін референдумға өзім міндетті түрде барамын. Бұл — әр азаматтың таңдауы маңызды болатын күн. Ұсынылған өзгерістердің ішінде неке мәселесіне қатысты нақтылау бар. Заңда тек ер мен әйелдің некесі ғана заңды деп белгіленеді. Бұл шешімді қолдаймын. Баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын, — деді Ақкүміс Базарбаева.

Read More

CaspianLife, 22 ақпан. Ақтау қалалық коалиция мүшесі Шамсадин Гусейновпен «Достлуг» әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Кездесу барысында этносаралық татулықты нығайту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және бірлестіктің алдағы жоспарлары туралы пікір алмасты. Сондай-ақ жаңа Конститутцияның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының берік негізі екені айтылды.Сондай-ақ этномәдени бірлестік өкілдері Референдумда дауыс беретінін айтты. «Достлуг» бірлестігі өңірдегі достық пен бірлікті сақтауға, әзірбайжан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға зор үлес қосып келеді. Осындай ұйымдардың белсенділігі – қоғамымыздың байлығы. Әзірбайжан ұлтының өкілі, мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Ильгам Мамедовтің айтуынша, біздің еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен…

Read More