Caspianlife, 25 шілде. Атырау облысының шекаралас Құрманғазы ауданында Қиғаш өзенінің сағасында лотос гүлі гүлдей бастады. Бұл — Қазақстандағы табиғи жағдайда лотос өсетін жалғыз жер. Гүлдену кезеңі шамамен екі-үш аптаға созылады. Бұл табиғи көріністі тамашалау үшін Құрманғазы ауданына жыл сайын мыңдаған турист келеді. Абырой болғанда, жергілікті билік ішкі туризмді дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Ауданда бірнеше туристік база толыққанды жұмыс істеп тұр, олар лотос алқаптарына жетіп, оның гүлденуін көруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, биыл Құрманғазы ауданының әкімдігі алғаш рет ауқымды «Лотос фестивалін» ұйымдастыруда. Фестиваль ертең, 26 шілдеде басталады. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы лотос гүлі Қазақстанның…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 шілде. KMG PetroChem мен Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI Inc.) Теңіз кен орнынан пропан тасымалдау бойынша негізгі шарттарға қол қойды «KMG PetroChem» ЖШС мен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI Inc.) пропан тасымалдау бойынша негізгі шарттарға қол қойды. Құжатқа «KMG PetroChem» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Диаз Диянов пен «KPI Inc.» ЖШС бас директоры Дамир Ашимов қол қойды. «KMG PetroChem» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл келісім Теңіз кен орнынан полипропилен өндіру зауытына пропан тасымалдау мәселелері бойынша тараптардың негізгі коммерциялық және техникалық параметрлерін бекітеді және ұзақ мерзімді келісімшарт жасасудың негізі болады. Құжат «KMG PetroChem» компаниясының этан мен…
Caspianlife, 24 шілде. Кәсіпорын ұжымына жаңа директорды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов таныстырды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақстан газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры болып Қаналиев Ғайдар Әзбергенұлы тағайындалды. Ол 1975 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша және Назарбаев Университетінің Executive MBA бағдарламасы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын «Қазақстан газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің газ дайындау цехында технологиялық қондырғы операторы болып бастаған. Әр жылдары «Өзенмұнайгаз» ПФ №2 мұнай және газ өндіру басқармасында мұнай және газ өндіру шебері, цех бастығы, №3 МГӨБ -нің орталық…
Caspianlife, 24 шілде. 2025 жылдың шілде айының басынан бері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) іздеуде жүрген 67 адамды ұстады. ІІМ ресми сайты Polisia.kz порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, олардың ішінде: кісі өлтіргені үшін – 2 қарақшылық шабуыл жасағаны үшін – 1 қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін – 1 тонау қылмысы үшін – 6 бопсалау үшін – 1 ұрлық жасағаны үшін – 39 есірткі айналымына қатысты қылмыстар үшін – 6 адам ұсталған. Бұдан бөлек, 190 хабар-ошарсыз кеткен азаматтың орналасқан жері анықталды. Жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде Жамбыл облысының Шу ауданында есірткі заттарын заңсыз таратқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған 50 жастағы ер…
CaspianLife, 24 шілде. Кеше таңғы сағат 06:30 шамасында Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында орналасқан жалпы білім беретін мектеп-гимназияның акт залында шатыр опырылып түсті. Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелмеген. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, опырылған шатырдың аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта оқиға орнына арнайы мамандар жіберіліп, техникалық тексеру және сараптама жұмыстары жүргізілуде. Құзырлы органдардың қатысуымен арнайы комиссия құрылып, төтенше жағдайдың нақты себептері мен салдарын анықтау жұмыстары басталды. «Айта кету керек, бұл мектеп 2009 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Жобалық қуаттылығы — 1200 оқушы», — делінген хабарламада. Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Избергенов оқиға…
CaspianLife, 23 шілде. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларының операторлары үшін отандық өндірушілерді интеграциялау бойынша нақты стратегиялық міндеттерді айқындады. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жергілікті қамтуды дамыту саясаты жаңа, талапты кезеңге көшкені жарияланды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің төрағалығымен өткен «Мұнай-газ машина жасауын дамыту халықаралық орталығы» (IMBC) қауымдастығы кеңесінің отырысында «Теңізшевройл» (ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» (NCOC) және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) сияқты негізгі мұнай-газ операторларының сатып алу тәжірибесін түбегейлі трансформациялауға бағытталған нақты шаралар кешені таныстырылды. Экономиканы әртараптандыру бойынша стратегиялық мақсаттарға жету үшін қарқынды үдету қажет. Министр салалық күштерді біріктіріп, Мәжіліс тыңдаулары қорытындысында берілген тапсырмалар мен…
CaspianLife, 23 шілде. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды, соған байланысты найзағайлы жаңбыр, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын, бұршақ және дауылды жел күтіледі. «Қазгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің мәліметінше, 25–26 шілде күндіз Алматы облысының батысы мен солтүстігінде аптап ыстық 42 градусқа дейін жетуі мүмкін. «24 шілде күні батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. 24–25 шілде күндері республиканың орталығында 35–38 градус, оңтүстігінде 40–42 градус, 24–26 шілде аралығында оңтүстік-шығыста 35–39 градус, 25–26 шілдеде шығыста 35–38 градус, 26 шілдеде солтүстікте 35 градус ыстық болады», – делінген «Қазгидромет» сайтында жарияланған хабарламада.
CaspianLife, 23 шілде. Туризм және спорт министрлігі еліміздің туристік өңірлеріне жүргізілген көшпелі тексерістерді аяқтады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асырылып, курорттық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңғыртуға, қауіпсіздікті арттыруға және туристік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмыс топтары Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарындағы туристік нысандарды аралады. 13-16 шілде аралығында Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтары тексерілді. Барлығы 41 нысан – жағажайлар, қайық станциялары, демалыс аймақтары, аттракциондар және санитарлық тораптар қаралды. Сонымен қатар, осы жылы наурызда Үкімет бекіткен Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспарының іске асырылу барысына…
Caspianlife, 23 шілде. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 шілдеге дейін өндірістегі жазатайым оқиғалар салдарынан 584 жұмысшы зардап шеккен, оның 77-сі қаза тапқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылғандай, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға төмендеген. Жартыжылдық қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі (жұмыс істейтін әрбір 1 мың адамға шаққандағы жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті) 0,08-ді құрады. «Травматизм деңгейі республикадағы өнеркәсіптік өңірлерде жоғары күйінде қалып отыр. Мысалы, Қарағанды облысында – 61 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 50,…
Caspianlife, 22 шілде. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Батыс Қазақстан облысында орналасқан «Сырым» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңарту жұмыстарының басталғанын хабарлады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап «Сырым» өткізу пункті арқылы жеңіл көліктер мен қоғамдық көліктердің өтуі уақытша тоқтатылады. Бұл шектеулер шамамен 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. Сонымен қатар жүк көліктері үшін шекарадан өту тек электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйенің өткізу қабілеті тәулігіне 200–250 көлікті құрайды. Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы шектеулер енгізу мерзімінің кейінге шегерілгенін хабарлаған болатын. Қазір нақты…
