Caspianlife, 21 қаңтар. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмалары аясында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, А.Балаеваның айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. «Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін, 16 жасқа толмаған азаматтардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салуды көздейтін заң жобаларын әзірледі», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, заң жобалары сараптамалық бағалаудан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылғаны нақтыланады. Оларды тиімді іске асыру үшін Оқу-ағарту министрлігімен және…
Автор: Сайт әкімшілігі
Caspianlife, 21 қаңтар. Ертең, 22 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давосқа жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Caspianlife, 21 қаңтар. Қазақстандағы ең ірі Теңіз кен орнында 18 қаңтарда болған апаттан кейін мұнай өндіру тағы 7–10 тәулікке тоқтауы мүмкін. Бұл Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі арқылы экспортталатын мұнай көлемінің қысқаруына әкелуі ықтимал. Бұл туралы саладағы үш дереккөзге сілтеме жасап Reuters ақпарат агенттігі хабарлады. Теңіз кен орнын игеруші «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы дүйсенбі күні электрмен жабдықтаудағы ақауларға байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында өндіріс тоқтатылғанын мәлімдеген. Ал 18 қаңтар күні «ҚазМұнайГаздың» (ҚМГ) дерегіне сәйкес, Теңіздегі ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 және GT-9.5 турбиналарының трансформаторлары өртенген. «ТШО кем дегенде осы аптаның соңына дейін тоқтап тұр, алайда бұл жағдай ақпан айына дейін созылуы мүмкін»,…
Caspianlife, 20 қаңтар. «Аквашаруашылық туралы» заңды іске асыру аясында өндірушілердің шығындарын азайтуға, инвестиция тартуға және саланың тұрақтылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралар кешені қалыптастырылды. Балық шаруашылығы комитетінің хабарлауынша, бүгінде аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік қолдау үш негізгі субсидиялау бағытын қамтиды. Бірінші бағыт – аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу. Екінші бағыт – аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту. Үшінші бағыт – су беру қызметтерінің құнын субсидиялау. Негізгі жаңашылдықтардың бірі – инвестициялық салымдарды субсидиялау қағидаларының жаңартылуы. Алғаш рет қарсы міндеттеме енгізілді: субсидия алушылар мемлекеттік қолдау алғаннан кейін кемінде бес жыл бойы аквашаруашылық…
CaspianLife, 20 қаңтар. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ЖИЦДМ) мен «Транстелеком» АҚ Қазақстан автожолдарының бойында тұрақты ұялы интернет пен байланысты қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылым салу туралы келісімге қол қойды. ЖИЦДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асырылады және ұялы байланыс мүлде жоқ немесе тұрақсыз жұмыс істейтін автожол учаскелеріндегі «ақ дақтарды» жоюға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру жүргізушілер мен жолаушыларға жол үстінде интернетті еркін пайдалануға мүмкіндік береді: навигация үшін, шұғыл қоңыраулар шалуға, сондай-ақ банк және мемлекеттік сервистерді қолдануға жол ашады. «Жоба кезең-кезеңімен іске асырылады. Республикалық маңызы бар автожолдарды ұялы байланыспен қамту жұмыстары 2026 жылдың соңына…
CaspianLife, 19 қаңтар. Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бопсалау дерегін анықтады. ҚР ІІМ-нің ведомстволық сайты (Polisia.kz) хабарлағандай, аталған факт бойынша 2000 жылы туған жәбірленуші арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 1997 жылы туған ер адам әлеуметтік желілерде және туыстарының арасында интимдік фотосуреттерін таратамын деп қорқытып, 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті WhatsApp мессенджері арқылы алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін төлеуді талап еткен. Ақшаны көрсетілген есепшотқа аударуды міндеттеген. «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 17 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктілердің…
Caspianlife, 19 қаңтар. Қазақстандағы Теңіз және Королев кен орындарында мұнай өндіру электрмен жабдықтаудағы мәселелерге байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі кен орындарының операторы — «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. «ТШО сақтық шарасы ретінде Теңіз және Королев мұнай кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатқанын растайды», — делінген компания хабарламасында. Компания өкілдерінің нақтылауынша, өндірістің тоқтатылуы «нысандағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен мәселеге» байланысты. Сонымен қатар, «Теңіз кен орны мен оның инфрақұрылым нысандары қауіпсіз күйде» екені атап өтілді. Reuters мәліметінше, ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) 18 қаңтар күні таңғы сағат 09:53-те Қазақстандағы ең ірі Теңіз кен орнында ГТЭС-4…
CaspianLife, 15 қаңтар. Бүгін Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты өздерінің кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің бағыты өзгергенін мәлімдеді. Air Astana таратқан ақпаратқа сәйкес, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағытындағы рейстер Иранның әуе кеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылады. Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылап отырғанын және ұшу-қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды. Сонымен қатар, FlyArystan әуе компаниясы да қазіргі таңда Иранның әуе кеңістігіндегі жағдай 2026 жылғы 17 қаңтарға жоспарланған екі рейстің орындалуына әсер ететінін хабарлады. Атап айтқанда, бұл — Атырау – Доха және Ақтау – Дубай бағытындағы рейстер. Қазіргі уақытта…
CaspianLife, 15 қаңтар. Бұл оқиға кеше, 14 қаңтарда болды. Атырау халықаралық әуежайында FlyArystan әуекомпаниясына тиесілі әуе кемесі Алматы – Атырау бағыты бойынша орындалған FS7202 рейсінің қонуын сәтті аяқтап, ұшу-қону жолағын босатқаннан кейін, тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен. FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесінің бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта әуе компаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеуде.
CaspianLife, 14 қаңтар. Иреклі су қоймасынан су жіберу көлемі 15 қаңтардан бастап секундына 90 текше метрге дейін ұлғайтылады. Бұл шешім көктемгі тасқын суларын қабылдау үшін су қоймасы сыйымдылығын босату мақсатында қабылданды. «Урал56.Ру | Оренбург, Орск» Telegram-арнасының мәліметінше, 13 қаңтардағы жағдай бойынша Иреклі су қоймасындағы су деңгейі Балтық жүйесі бойынша 243,35 метрді құраған. Бұл қалыпты деңгейден 1,65 метрге төмен (қалыпты тіреу деңгейі – 245 м БЖ). Сондай-ақ, бір ай бұрын, 16 желтоқсанда Иреклі су қоймасы су жіберу көлемін екі есеге — секундына 30 текше метрден 60 текше метрге дейін арттырғаны еске салынды. Ол кезде су қоймасына келіп жатқан су көлемі секундына…
