Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 6 қаңтар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллект бойынша мамандандырылған университет құрылады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саясат Нұрбек университет индустрияның сұранысына сай пәнаралық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге бағдарланатынын атап өтті. Жаңа оқу орны Alem.ai экожүйесіне интеграцияланып, жетекші шетелдік университеттер мен технологиялық компаниялармен әріптестікте дамитын болады. «Қазіргі таңда жасанды интеллектті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, Жасанды интеллект университетін құрумен қатар бірқатар жүйелі шараларды іске асыру міндеті тұр. Негізгі мақсат – профессор-оқытушылар құрамын жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 100%…

Read More

CaspianLife,6 қаңтар. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы №1-ПГСВ қаулысымен елімізде шайдың кейбір түрлерін әкелуге және сатуға уақытша санитариялық шектеулер енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, бұл шектеулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Кеден одағының техникалық регламенттерінің: «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ТР ТС 021/2011), «Азық-түлік қоспаларының, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» (ТР ТС 029/2012), «Азық-түлік өнімдерін таңбалау талаптары» (ТР ТС 022/2011) талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты енгізілген. Бақылау мақсатындағы сатып алу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар — сары «күн батар» (Е110), тартразин (Е102), понсо 4R (Е124)…

Read More

СaspianLife, 5 қаңтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетімен берген сұхбатында төрт жыл бұрын, 2022 жылғы қаңтарда болған трагиялық оқиғалар – Қаңтар дерегіне қатысты пікірін білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, сол бір сын сағатта еліміздің қауіпсіздігіне жауапты кейбір тұлғалар Отан алдындағы антына адал болмаған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің кейбір басшылары шешуші сәтте жұмыс орындарын тастап кеткен. Олар қару-жарақ пен құпия құжаттарды қараусыз қалдырып, дүрбелең туғызған. Қылмыскерлер сол күндері 3 000-нан астам қаруды иемденіп кеткен. Қазіргі уақытта жасырылған қоймаларды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Тәртіпсіздіктер бір мезетте 12 қалада белең алған. Президент мұны «төңкеріс жасауға машықтанған мамандардың» алдын ала…

Read More

Caspianlife, 5 қаңтар. «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы баға мен тарифтерге қысым жасап отырған экономикалық реформалар туралы сұраққа жауап берді. «Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, реформалар қоғам тарапынан жиі түсінбеушілікке, қарсылыққа ұшырайды. Сондықтан бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алатын көшбасшының рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Мемлекет басшысы ретінде бұл жауапкершілікті өзіме аламын және алдағы уақытта да алуға дайынмын. Менің қасымда жұмыс істейтін адамдар мұны жақсы біледі. Сонымен қатар, бұл көптеген кедергілері бар ауыр жол екенін де түсінемін. Тарих реформаторларға қарағанда жаулаушылар мен популистерге мейірімдірек келеді. Бірақ Қазақстанның басқа жолы жоқ: біз орнында тұрып қалмай, алға жылжу үшін реформалар жүргізуіміз керек. Азаматтарға зиян…

Read More

CaspianLife, 5 қаңтар. Мұндай қағиданы Қазақстан Президенті «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты. Сұхбат бүгін Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатынан аударма: «Салық реформасы тақырыбы, әрине, өзекті. Бұл мәселе төңірегіндегі пікірталастар да орынды. Алайда азаматтар арасында үрей туғызатындай деңгейде емес. Мұндай реформалар көптеген елдерде жүргізіліп жатыр. Мәселен, Ресейде жақында қосылған құн салығы 22 пайызға дейін көтерілді. Біздің реформамыз – кезекті “фискалдық науқан” емес, салық жүйесін қайта жаңғырту. Оның басты мақсаты – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Үкіметке ашық әрі түсінікті Салық кодексін әзірлеу тапсырылды. Үкімет бұл міндетті қаншалықты орындағанын биыл көретін боламыз. ҚҚС мөлшерлемесін 20 пайызға дейін көтеруді бұрынғы…

Read More

CaspianLife, 5 қаңтар.  Бұл туралы Қазақстан Президенті бүгін Мемлекет басшысының сайтында жарияланған «Turkistan» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді. «Газеттер мен журналдар қайта өрлеу кезеңіне қадам басты, өйткені әлеуметтік желілер адамдардың ойлау (танымдық) қабілетіне үлкен зиян келтіріп жатыр. Қазірдің өзінде білім деңгейі мен дүниетанымы он бес жастағы жасөспірімдермен шамалас қырық жастағы адамдарды кездестіріп жүрміз. Жасырмаймын, жастайымнан мерзімді басылымдарды оқуға әуес болдым, бұл әдетімнен бүгінге дейін айныған емеспін. Қазіргі жағдайда баспа БАҚ өз орнын іздеп, тауып отыр, шолу мен талдауға басымдық беріп, ағартушылық қызмет атқаруда. Кәсіби әрі адал журналистер дайындаған газет материалдары дәстүрлі құндылықтарды сақтауда маңызды рөл атқарады. Газеттерден мен Отанымыздың игілігі үшін…

Read More

Caspianlife, 5 қаңтар. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл бойы ең төменгі базалық зейнетақыны күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарғысын 120%-ына дейін кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері 110%-дан 118%-ға дейін өсіп, 60 005 теңгені құрайды.…

Read More

CaspianLife, 29 желтоқсан. Жаңа Салық кодексіне бейімделу кезеңінде фискалдық жүктемені азайту мақсатында Қазақстанда микро және шағын бизнес үшін салықтық әкімшілендіруді жұмсарту туралы шешім қабылданды. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдерге қатысты бірқатар әкімшілік жеңілдіктер енгізіледі. Бұл туралы ақпарат МКК-ның ресми сайтында жарияланды. Өткен жылдар үшін салықтық тексерулер азаяды: камеральдық тексерулер (есептілікті автоматты түрде тексеру) жүргізілмейді; аталған кезеңдер бойынша салықтық тексерулер тағайындалмайды. Алайда бұл шаралар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін тапсырылған салық есептілігіне (яғни, 2025 жылдың IV тоқсаны мен II жартыжылдығы…

Read More

CaspianLife, 29 желтоқсан. Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке (БКДҚ) өрт туралы хабарлама бүгін түнде шамамен сағат 04:00-де түскен. «Дина» базарында киім мен аяқкиім сататын бутиктер өртенген. 112KZ Telegram-арнасының хабарлауынша, төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде контейнер үлгісіндегі бутиктердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған. Оттың көршілес бутиктерге таралу қаупі болған. Алайда өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның әрі қарай таралуына жол берілмей, өрт 500 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде сөндірілді. Өрт орнында жедел штаб құрылып, төрт жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Сағат 04:15-те алғашқы өрт сөндіру есептоптары сөндіру жұмыстарына кірісті. Шамамен бір сағаттан кейін, сағат 05:00-де өрт оқшауланды, ал 06:15-те толықтай…

Read More

CaspianLife, 26 желтоқсан. Ақтөбе облысының арнайы прокурорлары интернет-дүкен (Qymyz shop) арқылы ел аумағында психотроптық заттарды таратқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі өндірістен аяқтады. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлады. Таратылған ақпаратта аталған дерек Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) қызметкерлерімен бірлескен жұмыс барысында анықталғаны айтылған. Интернет-дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден асқан. Қылмыстық схема Telegram мессенджерінде «байланыссыз» форматта ұйымдастырылып, қаржы айналымы «дропперлердің» банк карталары арқылы жүзеге асырылған. Аталған деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 262, 297 және 299-1-баптары (ұйымдасқан топты құру және оған басшылық ету, есірткі құралдарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында тарату, сондай-ақ есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау)…

Read More