Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 23 мамыр.  «TEXOL» компаниялар тобына кіретін «Атырау вагон құрастыру зауыты» ЖШС өндірістік дамудың маңызды кезеңіне қадам басты – зауыт іске қосылған сәттен бастап 100-ші жүк вагоны конвейерден шықты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Зауыттың толық қуаттылыққа шығуы 2027 жылға жоспарланған. Ол уақытта кәсіпорын жылына 7-8 мың вагон өндіруді және өндірістік аумағын 62 мың шаршы метрге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. — Осы шара тек облыс көлемінде емес, бүкіл республика үшін маңызды. Өйткені бұл зауыт – инвестиция тарту мен өндірістік аймақты дамытуға серпін беретін стратегиялық нысан. Оның іске қосылуы облысымыздың экономикалық…

Read More

CaspianLife, 23 мамыр. Жалғас Жұмаұлы Әділбаев – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Елшісі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жалғас Әділбаев 1964 жылғы 15 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген, 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын аяқтаған, PhD ғылыми дәрежесі бар. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 1998 жылғы мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Дипломатиялық қызметін ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама басқармасы бөлімінің бастығы лауазымынан бастады, ал 2000 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы болды. Әр жылдары Қазақстанның Литва және Австриядағы елшіліктерінде…

Read More

CaspianLife, 23 мамыр. Атырауда оқушылар өз білімдері арқылы университеттегі оқу ақысын өтеді. Мұндай мүмкіндік оларға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен «Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру – болашақ әл-ауқаттың маңызды факторы» атты облыстық олимпиада аясында берілді. Олимпиаданы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұйымдастырды. Сайысқа Атырау қаласы мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты. Байқау барысында оқушылар қаржылық сауаттылық саласындағы білімдерін көрсетіп, өз жобаларын ұсынды. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде оқушылар тест арқылы теориялық білімдерін көрсетті, екінші кезеңде жобаларын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен үздік жобалар авторлары дипломдармен…

Read More

CaspianLife, 22 мамыр. Жыл басынан бері ел бойынша түрлі құқық бұзушылықтар үшін 205 мотокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің Polisia.kz ведомстволық сайтында хабарланды. Полиция қызметкерлері квадроциклдерді тек 16 жастан асқан және А1 санатындағы жүргізуші куәлігі бар адамдар ғана басқара алатынын еске салады. Бұл санатқа мотоциклдер, трициклдер, мопедтер мен скутерлер де кіреді. Олар үшін ең жоғары конструкциялық жылдамдық — 50 км/сағ астам, қозғалтқыш көлемі — 125 текше см дейін, қуаты — 11 кВт-тан аспауы тиіс. Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, жолдың жүру бөлігіне велосипедпен шығуға 14 жастан бастап, ал скутер не мопедпен — 16 жастан бастап рұқсат етіледі. Бұл санаттағы…

Read More

Caspianlife, 22 мамыр. Кеше Каспий теңізінің тайыздану мәселесі бойынша Ресей мен Әзербайжанның бірлескен жұмыс тобының отырысы өтті. Астрахань облысының Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау қызметінің хабарлауынша, бұл шара Санкт-Петербург қаласында XI Нев халықаралық экологиялық конгресі қарсаңында ұйымдастырылды. Кездесуге Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Дмитрий Тетенькин, Әзербайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Рауф Гаджиев, екі елдің салалық мамандары мен сарапшылары қатысты. Астрахань облысынан отырысқа облыс губернаторының кеңесшісі Александр Жилкин және облыстық табиғи ресурстарды пайдалану қызметінің басшысы Румиль Юнусов қатысты. Өткен жылдың желтоқсан айында Бакуде өткен екі ел делегацияларының кездесуінде Астрахань облысы Каспий теңізі деңгейінің өзгеруін…

Read More

CaspianLife, 22 мамыр. Мұндай деректер Мәскеуде Қазақстан Республикасының Елшілігінде өткен «Достық пен сенім желісі: Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы Шартқа 20 жыл» атты дөңгелек үстел барысында айтылды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі аталған құжаттың 2005 жылғы 18 қаңтарда қол қойылып, 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енгенін еске салды. Дөңгелек үстелге екі елдің мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси, ғылыми-білім беру және сараптамалық қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің атқарушы директоры Наталья Крючкова сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң нәтижелерімен бөлісті. «Барлық макроэкономикалық қиындықтарға қарамастан, соңғы үш жылда өзара сауда-саттығымыз тұрақты өсіп келеді және жылына 26 млрд АҚШ долларынан төмен түскен емес. Біз одан әрі ілгерілеудеміз…

Read More

CaspianLife, 21 мамыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Ресейдің «Татнефть» ашық акционерлік қоғамының бас директоры Наиль Магановпен кездесуі барысында айтылды. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде мұнай-газ-химия саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлары, соның ішінде Атырау облысында бутадиен мен синтетикалық каучук өндіретін ірі инвестициялық жобаның жүзеге асу барысы талқыланды. «Татнефть» АҚ бас директоры Наиль Маганов жобаның қазіргі жай-күйі туралы хабардар етті. Бүгінде қытайлық инжинирингтік China Tianchen Engineering Corporation компаниясымен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Жоба аясында жыл сайын резеңке-техникалық бұйымдар мен шиналар өндірісіне арналған 60 мың тонна дивинилстирол синтетикалық каучук (ДССК), жол төсемдері мен пластиктерге қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол…

Read More

Caspianlife, 21 мамыр. Жоспарлы оқу-жаттығулар Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабының жетекшілігімен өтуде. Теңіз жедел штабының хабарлауынша, оқу-жаттығудың мақсаты – лаңкестік көріністерге жедел әрекет етуге бағытталған практикалық іс-қимылдарды пысықтау. Жаттығу барысында мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерімен суға катерлерді түсіру элементтері қолданылып, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі «Шалыға» аралы маңында теңіз кемесінде лаңкестік әрекеттерді болдырмауға бағытталған антитеррористік операция жүргізіледі. «Осыған байланысты азаматтарды оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», — делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабының мәлімдемесінде.

Read More

Caspianlife, 21 мамыр. Бұл 22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде өтетін «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына байланысты. Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс-шара азаматтық қорғаныс жүйесінің аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерінің табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Павлодар облысында орналасады. Шекаралас аумақтағы табиғи өрттерді сөндіруге ден қою іс-қимылын пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары да тартылмақ. «Территориялық деңгейдегі хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында, 22 мамыр күні сағат 09:00-де еліміз бойынша “Баршаңыздың назарыңызға!” сигналы беріліп, барлық дыбыстық электросиреналар қосылады. Осыған байланысты сабыр сақтауды, үрейге бой…

Read More

CaspianLife, 21 мамыр. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Sax Invest» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, компания өзін инвестициялық қор, құнды қағаздар, қаржы құралдары мен өзге де активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмас өндіру бойынша халықаралық жаһандық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған. Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан 9 миллиард теңгеден астам қаржыны заңсыз тартқан. Тергеу барысында қаражаттың көп бөлігі компанияның емес, пирамиданың ұйымдастырушысы Мендығалиевтің жеке шотына тұрақты түрде аударылып отырғаны анықталды. Хабарламада нақтыланғандай, бұл ақша кейін келесі жеке мақсаттарға жұмсалған: – казинодағы құмар ойындарға – 2 млрд теңге,– «Блайсико»…

Read More