CaspianLife, 23 маусым — Ұсынылып отырған міндетті вакцинация іс жүзінде вакцинацияланбаған адамдар дискриминациясына әкеледі деген пікір бар. Осыған қатысты не айтасыз? Бұл вакцинация паспорттарын, ПТР тесттерді және т.б. қолдан жасаудың өсуіне себеп болады деп ойламайсыз ба? Бұл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қойылған сұрақтар. Журналистердің сауалына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. Оның айтуынша, мұндай мәселе жаңашылдықтар енгізілгенде пайда болады. «Бұл мәселе үнемі көтеріледі. Біз ПТР-сынамаларды енгізген кезде де конституциялық құқықтар мәселесі көтерілді, бірақ, бірінші кезекте, Конституцияның 29-бабы бойынша еске салып өтейін, біз азаматтарымыздың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз! Сондықтан, қабылданып жатқан бұл шаралар барлық азаматқа емес, тек қызмет көрсету…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 23 маусым — Парламенттің төменгі палатасының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдады. Заңда тасымалдаушылар саны бойынша шектеусіз ұшулар көзделеді. Мәжілістің Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау заң аясында халықаралық бағыттарға сыртқы көліктік қолжетімділік артатынын түсіндірді. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ашық аспан қағидаттарын көздейді, оның шеңберінде тараптар тасымалдаушылардың, межелі пункттер мен жиіліктердің саны бойынша шектеусіз ұшуды орындай алады. Бұл келісім сыртқы көліктік қолжетімділікті арттыруға және халықаралық авиамаршруттардың географиясын…
CaspianLife, 23 маусым — 22 маусымда бірлескен кездесуде Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов пен Венгрия Мемлекеттік хатшысының орынбасары Андраш Барани елдер арасындағы вакцинация паспорттарын өзара тану туралы ауызша келісіммен алмасты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. Сонымен, иммундау сертификаттары болған жағдайда екі елдің азаматтарына ПТР-тестін тапсырмай-ақ және карантиндік шараларды сақтамай елге кіруге рұқсат етіледі. «Бұл шекараларды ашудың және Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңызды қадамдарының бірі. Осылайша, Венгрия Қазақстандық вакцинация сертификаттарын/паспорттарын мойындаған еуропалық одақтың алғашқы елі болды», — деп атап өтті министрлікте. Өткен аптада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Моңғолия, Венгрия және Таиландпен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация паспорттарын өзара…
CaspianLife, 23 маусым — «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанда шабуыл бастап, америкалық әскерлерді елден шығару басталғаннан кейін ондаған әкімшілік аудандарды бақылауға алды. Содырлар Тәжікстан шекарасына да жақындады. Өткен аптаның соңында талибандар Тәжікстанмен шектесетін Тахар және Кундуз провинцияларын басып алды. Сонда-ақ, Түрікменстанмен шекаралас Фаряб провинциясына шабуыл жасалды. Ауғанстанмен шекара сызығындағы жағдай шиеленіс үстінде. Шерхан-Бандаре шекаралас ауылында талибандар жаралаған, өлтірген немесе тұтқындаған ауған әскерлерінің жалпы саны жүздеген адамға жетеді. «Расталған ақпаратқа сәйкес, соңғы он күнде ИРА-ның Тәжікстанмен шекаралас төрт провинциясында (Ауғанстан Ислам Республикасы-авт.) үкімет әскерлері мен «Талибан»қозғалысы арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Нәтижесінде Чахеб, Янги Калъа, Даркад, Дашти Кала уездері, Тахор провинциясының…
CaspianLife, 23 маусым — Коронавирусқа оң ПТР сынама үлгілерін зерттеу барысында Алматы тұрғынында «Үнді» штаммы анықталды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өзі барған нысандарды есепке алды, деп хабарлады брифингте қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Бекшиннің айтуынша, науқас үй шаруасындағы әйел. Ол жақын күндері құрылыс базарлары мен азық-түлік дүкеніне барған. Оған вирус ақпан айында коронавирустық инфекциямен ауырған жұбайынан жұққан болуы мүмкін. Себебі, оның жұмысына байланысты ол көбінесе шетелдік іссапарларда болатын көрінеді. Бүгіннің өзінде ол Нидерландыда жүр. «Алматыда бір ғана жағдай анық болғандықтан, онымен байланыста болғандардың бәрін есепке алдық. Ол үй шаруасындағы әйел, еш жерде жұмыс істемейді, үйде…
CaspianLife, 22 маусым — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен көкөністерді өзара жеткізу туралы форвардтық шарттар жасасуға ниетті. Бұл туралы ол халыққа есеп беру кездесуінде айтты. «Мен бүгін ортаазиялық мемлекеттерге, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабатты өзара жеткізу бойынша форвардтық шарттарды пысықтау үшін кетіп бара жатырмын», – деді Сұлтанов. Оның айтуынша, бұл келісімшарттар маусымаралық кезеңде өнімдердің тұрақты болуын қамтамасыз етуге және елге әкелінетін өнімдердің бағасын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Осылайша, 280 мың тонна көкөніс егілмеген кезеңде әкелінеді деп күтілуде. Бұл ретте баға ауытқуының серпіні ақылға қонымды шектерде, яғни жеті-он пайыз деңгейінде қалатын болады. Сондай-ақ, Ресей…
CaspianLife, 22 маусым — Сайрам-Өгем шатқалынан осыдан шамамен 1 ай бұрын жоғалып кеткен атыраулық туристтің денесі табылды. «Түркістан облысының Төле би ауданында Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір мәйіт табылды. 22 маусым күні сағат 11: 50-де іздеу жұмыстары барысында Шымкент ТЖД жедел — құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан мен Өгем өзендерінің қосылған жерінен жоғары қарай 2 км жерде тапты», — деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Ол оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жіберілгенін атап өтті. Оның айтуынша, іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілген. Оған 107 қызметкер, 17 бірлік техника, үш квадрокоптер, төрт кинологиялық есеп және бір тікұшақ жұмылдырылған.
CaspianLife, 22 маусым — Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады. 6 шілде күні Қазақстанда астана күні тойланады. Мереке сейсенбіге келеді, бірақ үкімет үш күн қатарынан демалу үшін жұмыс күнін 5 шілдеден сенбі 3 шілдеге ауыстырды. Осылайша, бес күндік жұмыс істейтіндер үшін 3 шілде — жұмыс күні, 4, 5, 6 шілде — демалыс. Ал алты күндіктер үшін 3 шілде — жұмыс күні, 4 шілде — демалыс күні, 5 шілде — жұмыс күні, 6 шілде — демалыс күні. Сонымен қатар, 20 шілдеде Құрбан айт болады. Ол сейсенбіге келеді, бұл да бір қосымша демалыс күнін береді. Бірақ ол күн ауыстырылмайды.
CaspianLife, 22 маусым — Бұрынғы энергетика вице-министрлері Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібековтың ісі Нұр-Сұлтанның сотына қайта келіп түсті. «Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотына Энергетика экс-вице-министрлері Жақсалиев пен Сәдібековке қатысты Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазарту мен санациялауға бөлінген 2 млрд 680,7 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс келіп түсті», — делінген соттың хабарламасында. Бұған дейін қылмыстық іс заң бұзушылықтарды жою үшін прокурорға қайтарылған болатын. Нәтижесінде, сотталушылар бірқатар тергеу іс-әрекеттерінен кейін ұрланған ақша сомасы 778 млн теңгеге азайтылған сараптама қорытындысын ескере отырып, сол айып бойынша сотқа тартылды. 21 маусымда алдын-ала тыңдау өтті, онда қорғаушы тарап…
CaspianLife, 22 маусым — Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустың Үнді штаммы анықталуына байланысты карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, алайда Нұр-Сұлтанда Үнді штаммының тарап кету қаупі бар. «Вирустың репродуктивті индексі 1-ге тең, бірақ біз әлемде және шекаралас елдерде жағдайдың қандай екенін көріп отырмыз. Яғни, коронавирустың жаңа штамдары тез таралады. Нұр-Сұлтанда скрининг жүргізілді, Цой оның нәтижесінде дельта штаммы бар екенін айтты. Осыған байланысты өңірлердің әкімдері жағдайды бақылауы тиіс. Ведомствоаралық комиссия отырыс өткізеді. Олар Нұр-Сұлтан қаласында және басқа да өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі шараларды қарайтын болады, — деді вице-премьер Тоғжанов Үкімет отырысында. Елордада карантинді күшейту…
