CaspianLife, 28 маусым — Полиция қызметкерлері 25 маусымда әлеуметтік желіде қарумен әскери формадағы суретін жариялаған жас жігітті ұстады. Әңгіме барысында ол 28 маусымда сағат 18:50-де елордада Триатлон паркінде «көңіл көтеруді» жоспарлап отқанын атап өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Әлихан Өмірзақов есімді жас жігіт «ВКонтакте» желісінде 800-ге жуық қатысушыдан тұратын ортақ топ құрған. Бекітілген хабарламада Өмірзақов адамдарды Нұр-Сұлтанда Триатлон паркінде өтетін жиынға келуге шақырған. «102-арнаға қала тұрғынынан әлеуметтік желіде оның ұлына белгісіз адамның қару-жарақпен түскен суретін жіберіп елордада ертең көңілді болатынын жазғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта жарияланған жазбаның авторы ұсталып, полицияға жеткізілді.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 28 маусым — Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен БР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Гурянов ҚР Үкіметі мен БР Үкіметі арасындағы Қазақстаннан Беларуське Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің сайтында жарияланды. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық туралы шартта айқындалған талаптарға байланысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерінің жеткізілімдері жекелеген екіжақты келісімдермен реттеледі. «Елдер арасындағы жемісті өзара ынтымақтастықты және Еуразиялық экономикалық интеграция жолымен ілгерілеуді жалғастыру үшін бүгін мұнай саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үкіметаралық келісіміне қол қойылды. Ол Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу шарттарын анықтады», — делінген…
CaspianLife, 28 маусым — 2 миллиард теңге! Бұл өткен жылы облыста анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы сомасы. Оның ішінде тиімсіз жұмсалған бюджет қаражаты 1 миллиард теңгеден астам. Және қазынаның 316 миллион теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған. Сондай-ақ, 574 миллион теңге қаржылық бұзушылықтарға жол беріліпті. Мұндай мәліметтерді облыстық мәслихаттың кезекті IV сессиясында Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Асылан Құмаров айтты. «Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құрамында қылмыс белгілерін анықтау мақсатында 15 мемлекеттік аудит обьектілері құқық қорғау органдарына жолданды. Соңғы кездері өздеріңіз білесіздер тексеру қорытындысымен білім саласының мекемелерінде бюджет қаражатын жымқыру фактілері жиі кездесіп отыр. Жалпы алғанда құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың…
CaspianLife, 28 маусым — Үндістанда дәрі-дәрмек пен вакцина көмектеспейтін, өлімге әкелетін «Нипах» вирусы табылды. Ол әлемдегі ең қауіпті вирус болып табылады. Алғаш рет Үндістанның ұлттық вирусология институтының ғалымдары Махараштра штатындағы жарқанаттардан табылған. Вирус адамдарға ауру жануардың сілекейі түскен жемістер арқылы берілуі мүмкін. Қазіргі уақытта вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен вакциналар жоқ, сондықтан оның тарау деңгейі 40-тан 75% — ға дейін жетіп отыр.
CaspianLife, 28 маусым — Қазір құрылыс орнында үлкен техниканы, жұмысшылар мен LRT дизайнының жаңа бөліктерін көруге болады. CTS қалалық көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізуде. «Қазіргі уақытта мердігер ұйым — қытайлық CRAEG консорциумы шарттық міндеттемелер шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Олардың тарапынан жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстар кестесі пандемияға байланысты түзетілді», — деп хабарлады CTS.
CaspianLife, 25 маусым — Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында 1 қазанды радио қызметкерлері күні деп ресми жариялауды ұсынды. «Соңғы уақытта радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің жоқтығы туралы жиі айтылып жүр. Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды ресми түрде радио қызметкерлері күні деп жариялау керек деп санаймын», — деді Тоқаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бұйрығымен журналистерге және бірқатар БАҚ-қа сыйлықтар, гранттар беріліп, Президенттің алғысы жарияланды. Осылайша, сегіз журналист журналистиканың түрлі салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлықтар мен гранттар алады. Ал «Ақиқат» журналының, «Вечерний Алматы» газетінің, «Қазақ радиолары» мен «Сарыарқа» телеарнасының шығармашылық ұжымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс…
CaspianLife, 25 маусым — Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтика зауытында өндірілген ресейлік «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентімен егілді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады. «Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және белсенді түрде вакцина алуға шақырды», — деді Назарбаевтың баспасөз хатшысы. Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуірде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Спутник V» вакцинасымен толық иммундау курсынан өткен болатын.
CaspianLife, 25 маусым — Тамыз айы түгесілер тұста ЕуроОдақ аясында тарайтын вирустың 90 пайызға жуығы дельта-штамм болады деген болжам бар. Бұл туралы санитариялық ведомство өкілдері хабарлауда. Сол себепті, кәрі құрлықтағы аурудың алдын алу және бақылау орталығының басшысы Андреа Аммон вакцинация жұмыстарын жеделдетуге шақырды. «Осы жазда дельта-штамның таралу қаупі зор. Әсіресе, екпе алмаған жастарды айналып өтпейді деген қорқыныш басым», — дейді ол. ЕуроОдақ ескертпестен бұрын қам жасаған елдердің қатарында Португалия бар. Оған Лиссабондағы жағдайдың күрт ушығып кетуі себеп. Қала қазіргі уақытта жұмыс күндері ғана ашық. Ал аптаның соңғы екі күні ондай бейқамдық мүлде байқалмайды. Соған байланысты университеттердің стадионында екпе салу қызметі…
CaspianLife, 25 маусым — 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Astana-Premier Tech велокомандасының спорт басшысы міндетін атқаруды тоқтатады. Бұл туралы команданың сайтында жарияланды. «Astana-Premier Tech командасы Александр Винокуровтың команданың спорттық басшысы міндетін атқаруын тоқтататынын хабарлайды. Команданың Директорлар кеңесі қабылдаған шешімге қарамастан, Винокуров Astana — Premier Tech-тің құнды мүшесі болып қала береді, бірақ біраз уақытқа өзінің менеджерлік міндеттерін атқаруды тоқтатады», — делінген хабарламада. Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр команданың күнделікті спорттық қызметін үйлестіру үшін Басқарушы директор Яна Зельмен бірге жұмыс істеп, жақын арада команданың спорт жетекшісінің рөлі үшін жауапкершілікті өз мойындарына алмақ. «Біз Александр Винокуровтың» Тур де Франсқа » қатыспайтынын растай…
CaspianLife, 25 маусым — Қазақстандық дүкендер сөресінен енді темекіні көре алмайсыз. Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, сату орындарында темекі өнімдерін сөрелерге орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салынады. Сондай-ақ, темекі өнімдерін жарнамалайтын суреттер де тұрмауы керек. Мұндай өзгерістер темекі шегушілердің санын азайту мақсатында енгізілуде. Бір қызығы, сатылатын темекінің тізімі параққа мәтін түрінде орналастырылуы керек. Әріптер ақ параққа қара түспен жазылуы тиіс. Тізім әліпбилік тәртіппен, қандай да бір суреттерсіз тек бағаны көрсете отырып жасалады. Айта кету керек, бүгінгі таңда темекінің ең төменгі құны 500 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап ол 520 теңгеге дейін көтеріледі. Және әр алты ай сайын…
