Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 шілде — Нұрсұлтан Назарбаев Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде оны коронавирустық инфекциядан емдеген ресейлік дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлады Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында. «Мен көп нәрсені ешқашан ұмытпаймын. Мен ауырған кезде бір топ ресейлік дәрігерлер менің қасымда 10 күн болды. Бұл менің ем алуымдағы шешуші сәттер болатын. Бұл ұмытылмайды. Рахмет, Владимир Владимирович. Сізді тағы да өз тарапымыздан терең құрметімізге сендіремін. Сіздерге шын жүректен табыс тілеймін», — деді Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентіне екі мемлекет арасындағы тату көршілік қарым-қатынас пен коронавирусқа қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін де алғыс айтты. «Мен қазір еркін…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — 30 маусымда желіде «Кезби» ЖШС қызметкерлерінің ереуілдері туралы видео пайда болды. Жұмысшылар еңбек жағдайларына наразы болды, атап айтқанда, олар жалақыны көтеруді және тарифтік кестені қайта қарауды талап етті. Одан бөлек, ереуілге шыққан қызметкерлер жабдықты қажетті стандарттарға сәйкестендіруді, мереке күндері жұмыс істегені үшін жалақы, он үшінші жалақы және зиянды жұмыс үшін өтемақы төлеуді де талап етіп отыр. «Кезби» жұмысшыларымен сөйлесуге Жаңаөзен әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов келді. Ол қызметкерлердің талаптарын зерделеу үшін төрелік комиссия құрылатынын мәлімдеді. «Бүгін компанияның 150-180 қызметкері өз жұмысын тоқтатты. Олардың еңбек жағдайлары бойынша өз талаптары бар. Оқиға орнына Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибагаров, еңбек…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Бельгиядағы сот Қазақстанның Ұлттық қорының 542 млн доллар көлеміндегі қаражатына тыйым салынғанын растады. 29 маусымда Брюссельдің апелляциялық соты Қазақстан мен Ұлттық Банктің Бельгияда елдің мемлекеттік мүлкін тұтқындауға қатысты берген апелляциясын қабылдамады. Бұл туралы молдавиялық кәсіпкерлердің ресми өкілдері хабарлады.  Релизге сәйкес, сот бұл шешімді Қазақстан тарапының 2013 жылғы желтоқсандағы төрелік шешім бойынша 545 миллион доллар Стати төлеуден бас тартуына байланысты қабылдаған. «Бельгия сотының шешімі Энергетикалық Хартия шартының ережелері шеңберінде инвестор ретінде өз құқықтарын бұзғаны үшін ҚР-дан өтемақы алу туралы Стати тараптарының көпжылдық науқанындағы уақыт бойынша соңғы эпизод болып табылады. 2013 жылдың желтоқсанында Швециядағы халықаралық төрелік сот ҚР…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысымен елімізде бірқатар ұйым қызметкерлері үшін міндетті түрде Covid-19 вакцинациясы енгізіледі. Сонымен, 15 шілдеге дейін олар бірінші компонентпен, 15 тамызға дейін вакцинаның екінші компонентімен егілуі керек. Ал соңғы үш айда тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және коронавируспен ауыратын адамдар ерекше жағдай болып табылады. Қаулы төмендегі ұйымдардың/объектілердің қызметкерлеріне қатысты: қызмет көрсету жөніндегі объектілер (ХҚКО, «Қазпошта» бөлімшелері, банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/, моншалар,…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Қытай  қуаты жағынан әлем бойынша екінші орында тұратын «Байхэтань» гидроэлектростанциясын (ГЭС) іске қосты. Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан «Байхэтань» станциясын 2022 жылы толық пайдалануға беру жоспарланып отыр. Әзірге әрқайсысының қуаты 1 миллион киловатт болатын 16 энергоблоктың алғашқы екеуі іске қосылды. Осылайша, ГЭС-тің жалпы белгіленген қуаты 16 миллион киловатт, ал жыл сайын «Байхэтань» сағатына 62 миллиард киловатт өндіреді. Барлық 16 генератор пайдалануға берілгеннен кейін гидроэлектр станциясының тәуліктік өндірісі 500 мың адам үшін электр энергиясына жылдық сұранысты қанағаттандырады. Бұл станцияны әлем бойынша екінші тұрған орталыққа айналдырады. Қытайдың Хубэй провинциясындағы «Үш шатқал» ГЭС бірінші орында, онда 2020 жылы өндіріс сағатына 103,1…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Фарер аралдарының тұрғындары жыл сайынғы жазғы жаппай киттерді сою жұмысын бастады. Фарер аралдарының жағалауы қызыл түске боялды. Save the Reef ұйымының мәліметтері бойынша, сүтқоректілер жабайы табиғатты қорғау туралы Берн конвенциясының қорғауында болғанына қарамастан, жергілікті тұрғындар түнгі уақытта 131 китті өлтірген. Көші-қон кезінде су жануарлары жағаға жақын жүзеді. Жергілікті тұрғындар сол сәтте сүтқоректілерді қайықпен таяз суға қарай қуып, өлтіреді. Кейін қаңқаларын кесу үшін жағаға шығарады. Жергілікті халық кит етін жейді, бірақ олар тамаққа қажет мөлшерден көп китті аулайды да, нәтижесінде тонна ет қоймаларда босқа шіріп кететін көрінеді. Солайша, дәстүр бойынша жыл сайын орта есеппен 800 кит типтес…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Қазақстан тапқан табысын тек тамаққа қана жеткізетін кедей елдер қатарына енді. Оған соңғы айлардағы тамақ пен жанармай бағасының күрт өсуі әсер еткен болуы мүмкін.  Халықаралық қаржы институттарының есебі бойынша айлығының 10-20 пайызын ғана тамаққа жұмсайтын елдер «дамыған елдер» категориясына кіреді. Ал, Қазақстан бұл тізімге енбейді. 2021 жылдың алғашы жарты жылдығының көрсеткіші бойынша, орта есеппен әрбір қазақстандық ай сайын 95 мың теңгеден астам соманы азық-түлікке жұмсайды. Бұл өткен жылғы дәл осы уақыттағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6 пайызға артқан. Аймақтық рейтинг бойынша ай сайын тамаққа көп қаржы жұмсаудан Алматы көш бастап тұр. Орта есеппен әр алматылық азық-түлікке 127 мыңдай…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясына жаңа шекті тарифтер енгізіледі. Жылу электр станцияларының тарифтері ұйымның әр тобы үшін әр түрлі белгіленген. Бұйрық Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Бұйрық бойынша 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін энергия өндіруші ұйымдардың 47 тобы үшін жаңа тарифтер белгіленген. №3, 11, 19, 22-27, 33, 34, 41, 42, 44, 45 топтар үшін шекті тарифтер төмендейді, №21, 30 үшін бағалар өзгеріссіз қалады, қалған топтар үшін жоғарылайды. Естеріңізге сала кетейік, 5 наурызда Энергетика министрлігі 2025 жылға дейін электр энергиясына шекті тарифтерді көтеруді ұсынды. Бұйрық жобасында шекті тарифтерге арналған 2020 жылғы бағалар өндірушілердің отын шығындарын…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Профессор-иммунолог, профилактикалық медицина академиясының президенті және америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман пандемияның маңызды кезеңіне енгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, балалар арасында инфекцияның таралуы бес есеге өскен. Ол туралы ОКҚ брифингінде мәлімдеді. «Яғни, ковид «жасарып» барады, бірақ балалардағы инфекцияның қаншалықты агрессивті екендігі белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, әлі егілмеген адамдар дельта нұсқасына өте сезімтал. Бүгінгі таңда вакциналар дельта мен коронавирустың басқа нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала береді. Вакцинаның бірінші дозасы 17% нашар қорғайды, бірақ екінші дозаны алғаннан кейін оның дельта нұсқасына қарсы тиімділігі қалпына келеді»,-деп түсіндірді Шарман. Иммунологтың айтуынша, Спутник V вакцинасының екі дозасы адамды…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Үндістанның солтүстігінде коронавирустан қайтыс болған адамдардың денесі Ганг өзенінің бетіне қалқып шыққан. Жергілікті тұрғындардың пайымдауынша, маусымдық су тасқыны терең орналаспаған қабірлерді қозғап жіберген. Бұл жағдайдан кейін билік кремация ұйымдастырған. Қазірдің өзінде 150 адам денесі өртелген. «Біз денелерді қайта шығарып алмаймыз, бірақ су деңгейінің жоғарылауына байланысты қалқып шыққандарын кремациялаймыз. Мәйіттер шоғырланған аймақ бір шақырымға созылып жатыр. Біздің бағалауымыз бойынша, онда барлығы 500-600 адам жерленген болуы мүмкін. Рәсімдер кезінде барлық сақтық шаралары сақталады», – деді жергілікті шенеунік Нираж Кумар Сингх. Су бетіне шыққан денелер көктемде коронавирустан қайтыс болғандар деп саналады. Ол уақытта Үндістанның көптеген тұрғыны кремация жасай алмағандықтан…

Read More