Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 маусым — Ұлттық банк жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын 2019 жылдың 31 мамырында іске қосты. Шарттарда екінші деңгейдегі банктердің отандық өндірістің жеңіл автокөліктерін сатып алатын жеке тұлғаларға 4 пайыздық номиналды мөлшерлемемен кредит беру көзделген. Бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық Банк 2019-2020 жылдары 40 миллиард теңге, яғни жыл сайын 20 миллиард теңгеден бөлген. 2021 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша Ұлттық банктің қаражаты есебінен барлығы 48,8 миллиард теңгеге 8 546 кредит берілді, оның ішінде 8,8 миллиард теңге бұрын берілген автокредиттерді (револьверлік тетік) өтеуден түскен қаражат есебінен сатылған. «Сонымен қатар, Ұлттық Банк Басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 56 шешімімен ҚҰБ басқармасының 2019…

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Аудандық және ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге 4,7 миллиард теңге көлемінде қаражат көзделген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хатшысы Сабила Мұстафина мәлімдеді. «Шығындардың болжамды сметасы базалық шығыстарға негізделген: сайлау комиссиясы мүшелерінің жалақысы, ол жалпы сметаның шамамен 80% — ын алады, сондай-ақ БАҚ-та жариялау, полиграфиялық және өзге де өнімдер, көлікті жалға алу, байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, кеңсе тауарларын сатып алу, сондай-ақ сайлау комиссиясының барлық мүшелері үшін жеке қорғаныс құралдары. Бұл ретте учаскелік сайлау комиссиясы үшін электоралды кезең бір айға созылады», — деп түсіндірді Мұстафина. Ол аталған нормаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша қабылданған нормаларды…

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Атырау базарларындағы саттықта тұрған қарбыздардың қауіпті екені анықталды. Өйткені дақыл құрамындағы нитраттың мөлшері шамадан 4 есе көп. Белгіленген норма бойынша 1 келі қарбыздағы нитрат мөлшері 60 мг- нан аспауы тиіс. Ал зертханада жасалған сынама нәтижесі көрсеткіштердің тым жоғары екеніне дәлел. Сондықтан мамандар мерзімінен ерте піскен бау -бақша өнімінен әзірге бас тартуды сұрайды. Нитраттың адам ағзасына тигізер зияны көп. Мөлшерден асып кетсе белсіздік, қатерлі ісік ауруларына себепші болуы әбден мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан маамандар жарияланған мараторийге байланысты кәсіпкерлік субьектілеріне қатаң жаза қолдана алмаса да, заңға сәйкес қауіпті өнімдерді жоюға нұсқама беріпті.

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Америкалық әнші Бритни Спирс сәрсенбіде Лос-Анджелесте (Калифорния) өткен сот отырысында оған тағайындалған 13 жылдан бергі қамқорлықты алып тастауды сұрады. «Мені өзім қаламайтын нәрсені жасауға мәжбүрлеу дұрыс емес», — деді ол бейне байланыс арқылы. «Бұл қамқоршылық аяқталуы керек. Мен бұл қамқоршылықтың қатал жаза екендігіне сенемін. Мен бақытсызбын, мен ұйықтай алмаймын, мен ашулымын. Мен депрессияға ұшырадым. Менің әкем және осы қамқоршылыққа қатысы барлардың бәрі, соның ішінде менің менеджментім де түрмеде болуы керек. Менің өмірімді өзіме қайтарғандарыңызды қалаймын», — деді ол өзінің отбасын «сотқа беруге» дайын екенін баса айтып. Әнші 2008 жылы есірткіге қатысты проблемалар мен оның психикалық денсаулығына…

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) балалар мен жасөспірімдерді коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау бойынша ұсыныстарды өзгертті.  Олардың айтуынша, балалар мен жасөспірімдерде, әдетте, ауру ересектерге қарағанда жеңілірек болады, сондықтан егер олар коронавирустың ауыр ағымының қаупі жоғары топқа кірмесе, оларды вакциналауға болады. Бірақ, қарттар, созылмалы аурулары бар адамдар және медицина қызметкерлері секілді шұғыл түрде емес дейді. Ұйым сонымен бірге кіші жастағы топтар арасында вакцинация туралы жалпы ұсыныстар беру үшін балалар арасында коронавирусқа қарсы әртүрлі вакциналарды қолдану туралы қосымша мәліметтер қажет екенін атап өтті. ДДСҰ атап өткендей, ұйым сарапшыларының стратегиялық консультативтік тобы Pfizer және BioNTech компаниялары әзірлеген вакцина 12 жастан…

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Алматыда Эдуард Метелевке үкім шығарылды. Жалған айғақтар берді деп айыпталған сот-медициналық сарапшы ақталды. «Метелев Эдуард кінәсіз деп танылып, оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық болмағаны үшін ақталсын. Үкімнің заңды күшіне енуі бойынша ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылсын. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылғаны үшін келтірілген зиянды өтеттіру құқығы ақталды деп танылсын. Оған оңалту құқығы түсіндірілсін», — деп судья Иманқұлов үкімді оқып берді. Метелев алты жасар Лиза Пылаеваның өлімі туралы іс бойынша жалған айғақтар берді деп айыпталды. Қыз бала 2019 жылдың мамыр айында қайтыс болды. Оның денесі бақтағы мүсін маңынан табылған. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері қыздың мойын омыртқалары сынғанын…

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында ағымдағы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары пәтердің ұтыс ойынына  қатыса алатынын хабарлады.  «Коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша штаб өткіздік. Менің орынбасарларыма, басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне өздері жетекшілік ететін салаларға вакцинациялаудың маңыздылығы мен қажеттілігін сапалы түсіндіруге дербес жауапкершілік жүктелді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін бізге қала халқының 60% — дан астамы вакцина алу қажет. Санитарлық дәрігерлер қосымша карантиндік шектеулер қабылдау туралы жаңа қаулы дайындауда. Қауіпті топтар үшін вакцинация міндетті, ал вакцинацияланбаған қызметкерлерді қашықтықтан режимге көшіру қажет»,…

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Дариға Назарбаева Сарайшық қалашығын қалпына келтіру және оны өңірдің туризм орталығына айналдыру жұмыстарына көмектесуге уәде берді. Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында ол ежелгі қаланың қираған жерлерін аралады. Қазір мұнда қазба жұмыстары жүргізілуде. Болашақта бұл орынды толықтай мұражай кешеніне айналдыру жоспарлануда. Іс-сапар барысында Дариға Назарбаева «Хан ордалы Сарайшық» тарихи мемориалдық кешенінде болып, 14 ғасырдағы Сарайшық қалашығының макетімен және ежелгі қаланың бірегей археологиялық экспонаттарымен танысты. Экскурсия кезінде ол қаланы қайта қалпына келтіру жұмыстарына қызығушылық танытты. Мамандардың айтуынша, археологиялық қазба жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді, алайда қаржыландыру мәселесі шешілмей тұр. Мұны естіген Дариға Назарбаева мәселені шешуде қолдау көрсетуге…

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Атырауға «Қамқорлық» республикалық қорының директоры Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында облыстағы ерекше балалардың білім алуы мен бейімделуі үшін жасалған жағдайға назар аударды. Оның айтуынша, инклюзивті сыныптардың ерекше баланы қоғамға бейімдеуге тигізер пайдасы көп. Атырау қаласында ерекше балаларға арналған 5 инклюзивті сынып ашылған болса, оның екеуі «Қамқорлық» қорының қолдауымен жұмысын бастапты. Білім ордаларындағы арнайы сыныптарда арнайы оқу бағдарламасы негізінде түрлі сырқатқа шалдыққан балалар білім алады.  Сонымен қатар, облыста ерекше балаларға арналған мамандандырылған балабақша жұмыс істейді. Онда 120 бала арнайы бағдарламалар негізінде дамып, білім алады. Оған қоса, шаһардағы 5 балабақшада ерекше балаларға арналған топтар жасақталған. Қаладағы 62…

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Онлайн-брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 20-дан астам адам жұмыс істейтін ұжымдар міндетті вакцинациялауға және ПТР-тестілеуге жататынын атап өтті. Бұл жағдайда ПТР тестін тапсыру туралы анықтаманы әр жеті күн сайын жаңалап отыру керек болады. «Біз ұйымдасқан топтар туралы айтқанда, 20-дан астам адамнан тұратын кез-келген ұжымды айттық. Яғни, 20 адамнан асатын кез-келген ұжымға міндетті түрде вакцинация жүргізу немесе медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, әр жеті күн сайын ПТР – тест жүргізу туралы талап қойылады», — деп түсіндірді ол. Оның айтуынша, республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына қол қойылғаннан кейін бұл талаптар күшіне енеді. «Егер вакцина алуға болмайтын жағдай…

Read More