Бритни Спирс өз отбасын сотқа бермек — CaspianLife ақпараттық порталы
Жексенбі, 14 Тамыз, 2022
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бритни Спирс өз отбасын сотқа бермек

24.06.2021
Жаңалықтар, Мәдениет
0
Бритни Спирс өз отбасын сотқа бермек

CaspianLife, 24 маусым — Америкалық әнші Бритни Спирс сәрсенбіде Лос-Анджелесте (Калифорния) өткен сот отырысында оған тағайындалған 13 жылдан бергі қамқорлықты алып тастауды сұрады. «Мені өзім қаламайтын нәрсені жасауға мәжбүрлеу дұрыс емес», — деді ол бейне байланыс арқылы.

Оқи отырыңыз...

Мұнай өнімдерін шекарадан асыруға жаңа шектеу енгізіледі

Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша Әзірбайжанмен келісім жоқ

14.08.2022
Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілмек

Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілмек

12.08.2022

«Бұл қамқоршылық аяқталуы керек. Мен бұл қамқоршылықтың қатал жаза екендігіне сенемін. Мен бақытсызбын, мен ұйықтай алмаймын, мен ашулымын. Мен депрессияға ұшырадым. Менің әкем және осы қамқоршылыққа қатысы барлардың бәрі, соның ішінде менің менеджментім де түрмеде болуы керек. Менің өмірімді өзіме қайтарғандарыңызды қалаймын», — деді ол өзінің отбасын «сотқа беруге» дайын екенін баса айтып.

Әнші 2008 жылы есірткіге қатысты проблемалар мен оның психикалық денсаулығына байланысты ішінара қабілетсіз деп танылды. 10 жылдан астам уақыт бойы әншінің қаржысын, оның ішінде миллиондаған долларлық сенім қорын оның әкесі Джеймс Спирс және сот тағайындаған адвокат басқарды. Әншінің әкесі мансабына, емделуіне және жеке өміріне қатысты көптеген шешімдер қабылдады. Орындаушының кейбір жанкүйерлері оны қаламай, қарсылық білдірсе де келісуге мәжбүр болған. Себебі бұл соттың шешімі еді.

Сот қамқоршылықты өзгерту туралы әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Әншінің табысы шамамен 60 миллион долларға бағаланып отыр. Бритни Спирс бірқатар музыкалық марапаттардың, соның ішінде Грэммидің иегері.

 

Тегтер: Caspian
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.