Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 18 маусым — Бүгін елордада Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қатысуымен онлайн форматта брифинг өтті. Өңір басшысына республикалық БАҚ өкілдері түрлі сауалдар жолдады. Солардың бірі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевқа қатысты болды. Ол ірі пара алды деген күдікпен қазір қамауда отыр және оның ісі сотта қаралуда. Махамбет Досмұхамбетовке «егер сот Нұрлан Таубаевты кінәлі деп таныса, отставкаға кетуге дайынсыз ба?» деген сұрақ қойылды. Атырау облысының әкімі былай деп жауап берді: «Менің де білетінім сіздерден аспайды және тергеу ісі мен сот талқылауының барысы туралы түсінік бере алмаймын. Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес, әрбір мемлекеттік қызметші, егер оған…

Read More

CaspianLife, 18 маусым — Махамбет ауданына қарасты болғанымен, елдімекен санатында жоқ Өткел ауылының тұрғындары проблемаларын айтып ағынан жарылды. Бірінші кезекте оларға аудан орталығына бару қиынға соғып тұр. Жайық бетіндегі ең жақын көпір ауылдан 20 шақырым жерде орналасқан. Оған жетер жол шұрық -тесік. Сондықтан, өткелдіктер қыста жанын шүберекке түйіп мұз үстімен, жазда қайықпен қатынайды. Қазір ауыл тұрғындарына тиесілі 3 қайық бар. Өткелдіктер соны алмакезек пайдаланып, орталыққа барып-келіп жүр. Мұнда жедел жәрдем мүлде келмейді. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар да жиі болады. Өткелдіктердің айтар базыналары бұнымен бітпейді. Ауыз судың жоқтығы себепті, Жайықтың лай суын ішіп отыр. Қала берді, тоғай арасына қоныстанған жұрт кешкісін…

Read More

CaspianLife, 17 маусым — Ақтау дүкендерінде сәбіз қымбаттады. Көкөніс өнімі сапасына қарай килограмы үшін 535-850 теңге аралығында сатылып жатыр.  «Kaz Fruit сомрапу» компаниясын сәбіз бағасының тұрақсыздығы маусымаралық жаңа өнімге көшумен байланысты деп санайды. «Ескі егін аяқталады, жаңасы басталады. Осы кезде біз маусымнан тыс ауысудан өтеміз. Жыл сайын осындай кезеңде бағаның өсуі орын алады. Сәбіз дақылдары картоп, қырыққабат және пиязға қарағанда кешірек келеді. Біз бұл көкөністерге бағаның көтерілуінен өттік. Қазіргі уақытта сәбіздің жаңа өнімі әлі жоқ, сондықтан ескіні Атыраудан сатып алып, дүкендерімізден сатуға тура келеді. Әзірбайжанда сәбіздің бағасы 400 теңгеге, Иранда — 380 теңгеге жетеді, оны барлық мемлекеттік баждармен Ақтауға алып…

Read More

CaspianLife, 17 маусым — Маңғыстаудан келген егіз апалы-сіңлілер Қызылорда облысында таэквондодан өткен турнирде финалға өтіп, бір-бірімен төбелесуден бас тартып, өзара жеңімпазды «су-ли-фо» ойыны арқылы анықтауға шешім қабылдады. 24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін финалдық бәсекеге егіз апалы-сіңлілер Айя мен Сая Кенжеғали шықты. Олар «тас, қайшы, қағаз» ойнап, бірінші орын жеңімпазын анықтады. Нәтижесінде сәттілік Айя Кенжеғалидің жағында болды. 2010-2011, 2012-2013 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы таэквондодан республикалық турнир Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевты еске алуға арналды. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 800-ден астам спортшы қатысқан.

Read More

CaspianLife, 17 маусым — АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденді Женевадағы саммитте Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кездесуіндегі әрекеті үшін сынға алды. Ақ үйдің бұрынғы басшысы 16 маусымда Женевада өткен саммиттің нәтижесі бойынша Мәскеу жеңіске жетті, ал Америка Құрама Штаттары «ештеңе алған жоқ» деп санайды. «Жалпы, бұл кездесуден біздің ел ештеңе де алған жоқ деп ойлаймын. Бірақ, бұл Ресей үшін жақсы күн болды», — деді Трамп FoxNews телеарнасының тікелей эфирінде. Трамп сонымен бірге Вашингтон АҚШ үшін маңызды бағыт болып табылатын «Солтүстік ағын-2» жобасын жүзеге асыруды тоқтата алмағанын атап өтті. Еске салайық, Владимир Путин мен Джо Байден арасындағы келіссөздер 16…

Read More

CaspianLife, 17 маусым — 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9738 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Министрліктің деректері бойынша ағымдағы көрсеткіш өткен жылдардың статистикасымен салыстырғанда рекорд болып табылады. 2019 жылы «Алтын белгіні» 7349 оқушы, 2020 жылы — 8615 оқушы алған. «9738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында өз білімдерін растап, «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл жалпы түлектердің 6,2 пайызын құрайды. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты осындай жоғары көрсеткіштерді көрсеткен оқушылар саны да артып келеді. Тағы бір жаңа үрдіс бізді қуантады. «Алтын белгі» иегерлері мұғалім мамандығын көбірек таңдайды. Дәл осындай оқушылар мұғалімдердің қатарын қаншалықты жиі толтырса, біздің еліміздегі мұғалімдердің құрамы…

Read More

CaspianLife, 17 маусым — 11-16 маусым аралығында Қырымның Керч қаласында өткен «Боспорские агоны» атты 23-ші Халықаралық фестивальда Атыраудағы Махамбет өнер ордасының Жастар театры бас жүлдені жеңіп алды.  Ұжым фестивальде жергілікті халыққа таныс «Клеопатра» қойылымын көрсетті. Басты рөлді сомдаған Ғани Кукатова «Ең үздік әйел рөлі» атағын жеңіп алды. «Боспорские агоны» халықаралық антикалық өнер фестивалінің қазылар алқасын Ресейдің Халық әртісі, Мәскеу Үкіметі сыйлығының лауреаты, сатира Мәскеу академиялық театрының актері және режиссері Юрий Борисович Васильев басқарды.

Read More

CaspianLife, 17 маусым — Вакцина алған атыраулықтарға сыйлық берілуде. Мұндай бастаманы «Дина» базарының басшылығы көтеріп отыр.  Мақсат — ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қандай да болсын септігін тигізу, дейді базар әкімшілігі.  «Дина» базары шағын және орта бизнес субъектілері арасында осындай бастаманы бірінші болып ұсынды. «Біз базардың вакцинация пунктінде екпе алған әрбір адамға сыйлық беруді шештік. Пандемия әлі аяқталған жоқ, вирус бар және қауіпті, бірақ біздер, тұрғындар ,кейде қауіпсіздік шараларын ұмытып кетеміз. Сондықтан, ұжыммен бірге халықты вакцинациялауға шақырып, бастама көтердік», — деді базар әкімшісі Баян Райымқұлқызы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, күзге қарай вакцинацияланғандар арасында тұрмыстық техниканың ұтыс ойынын өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жақын арада басқа…

Read More

CaspianLife, 17 маусым — Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тұтынушының өтінішіне байланысты «Атырау-Жарық» АҚ қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіп, кәсіпорынға 5 млн теңгеге жуық айыппұл салды. Монополист тұтынушының техникалық шарт беруге қатысты өтінішінің белгіленген мерзімнен кешіктіріп, оның қолжетімділігін қамтамасыз етпеген. Бұл тұста айта кететін жәйт, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес, табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділік беруге міндетті. «Бүгінгі таңда айыппұл төленді.Сонымен қатар заңбұзушылықтың алдын алу мақсатында департамент тарапынан нұсқама шығарылдв. 4,6 миллион көлемінде айыппұл салынып, бірақ оңайлатылған тәртіппен 7 күн мерзімде 50 пайыз соммасы төленді. Егерде осындай сұрақтар бойынша, тех-қ шартқа қатысты мәселелеріңіз…

Read More

CaspianLife, 16 маусым — Атырау облысы «Kүнделік.кz» электронды журналын толтыру бойынша күміс батырма жүлдесін алды. Бұл жыл сайын өткізіліп отыратын республикалық рейтингтің қорытындысы. Марапаттаудың басты мақсаты – мұғалімдердің цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін жетілдіруге ынталандыру. Мамандар марапаттау рәсімін дәстүрге айналдырмақ. Сондай-ақ, шара барысында рейтинг бойынша тұрақты түрде көш бастаған облыстағы 9 мектеп ұжымына алғыс хат берілді. Белсенді қолданушы атанған білім ордаларының жетекшілері болса өз кезегінде ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Салатанатты жиында алғыс хат алғандардың басым бөлігі ауыл-аудандардағы білім ошақтарының өкілдері болды. Бүгінде облыс аумағында 197 жалпы білім беру мекемесі болса, олардың 184-і «Күнделік.кз» электронды журналымен жұмыс істейді.

Read More