CaspianLife, 15 маусым — 16 жыл халықаралық іздеуде жүрген ресейлік Светлана Киршов екі серіктесімен бірге Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің шотынан миллион доллар және 40 миллион теңге ұрлады деп айыпталуда. Бұл істі журналистер «ғасыр алаяқтығы» деп атап кеткен. Оқиға жемістер мен көкөністерді сататын Омбы көтерме базарында басталады. 16 жыл бұрын дәл сол жерде айыпталушы сатушы болып жұмыс істейді және өзінің серіктестерінің бірімен кездеседі. Тағы бір танысымен екеуі қосымша ақша табу үшін Қазақстанға аттанады. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Светлана Киршова ұйымдасқан топтың құрамында әрекет етіп, белгіленген тұлғалармен бірлесіп, жалған құжаттар бойынша 2003 жылдың сәуір айында ҚР Қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасқан. Киршова қазынашылықта жарты жылға…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 маусым — «Астана LRT» ісі бойынша сотталғандардың адвокаттары бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспейтіндерін және апелляциялық шағым беретіндерін мәлімдеді. Жанат Нұрпейісовтың, Ұлықбек Ачиловтың және Дәурен Әбдіхамитовтың адвокаттары олардың қорғаушыларының кінәсі сот арқылы дәлелденбегенін айтты. «Ұрлық фактісі дәлелденбеген. Біздің қорғаушыларымызға қатысты жобалар бойынша барлық жұмыс көлемі орындалды. Сызбалар мен жобалар тапсырыс берушіге ұсынылды, олар қабылдады және ешқандай шағым болған жоқ. Ақшасын да төледі, бірақ толық емес. «Астана LRT » компаниясы қарыз болып қалды», — деп жауап берді Ұлықбек Ачиловтың адвокаты Надежда Далабаева. Дәурен Әбдіхамитовтың адвокаты Хамида Айтқалиева іс бойынша келтірілген шығын сомасының (5 миллиард теңгеден астам) LRT құрылысына ешқандай қатысы…
CaspianLife, 15 маусым — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Ұлттық қорының активтері туралы айтты. «Бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі Ұлттық қор болып табылады. Оның активтері ағымдағы жылдың 1 маусымында 27,6 триллион теңгені, оның ішінде валюта портфелі — 58,5 миллиард долларды құрады. Айта кету керек, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 миллиард теңгеге өсті», — деді Ерұлан Жамаубаев халықпен өткен есептік кездесуінде. Қаржы министрлігінің басшысы ведомство оның жинақтау функциясын күшейтуге бағытталған жүйелі негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Мысалы, Бюджет кодексіне Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін кезең-кезеңімен қысқарту және контрциклдық бюджеттік ережені қолдану бойынша түзетулер енгізілген. «Бұл шаралар Ұлттық қор…
CaspianLife, 15 маусым — Атырау облысына әкелінген Sputnik V вакцинасының екінші компонентінің 39 мың дозасы қоймада босқа тұр. Оған себеп — ресейлік вакцинаның сертификаты жоқ. Денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл тек біздің облыстағы емес, еліміздің барлық өңіріндегі жағдай деп отыр. Жалпы вакцинация республикалық деңгейде шешілетін мәселе. Жеткізу болды, бірақ та, шыққан вакцина арнайы инстиуттармен бекітіліп, сертификатталу керек. Сертификатталау жұмысы созылып кетуіне байланысты осындай жағдай туындап отыр, — дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ербол Меңдіғалиев. Өткен тәуліктерде Спутник V, «Qazvac» «Hayat-Vax» вакциналарының бірінші компонентін облыста жүз мыңдай адам алған. Ал, жалпы 1-ші ақпаннан бастап 66 мыңнан астам атыраулық COVID-19-ға…
CaspianLife, 14 маусым — Қазақстандық «Хабар 24» телеарнасының түсірілімдік тобы арнайы «Әкім» тележобасымен Атырау облысындағы Құрманғазы ауданына ат бастарын бұрып, жергілікті әкіммен танысып, сұхбаттасуға келген. Бірақ, таңертең екпе алуға кетті деген басшы жұмыс уақыты аяқталғанға дейін әкімдікке кері оралмапты. Тілші Ақбөпе Тәңірбергеннің айтуынша, жақында ғана сайланған аудан әкімін көгілдір экран арқылы халыққа таныстырып, одан қалса жергілікті тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, әкімге жеткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген. Алайда, әкімді орнынан таппаған. Екпе алуға кетті деген хатшысының айтуымен орталық ауруханаға да барыпты. Бірақ, ол жерде де әкім болмай шықты. Дәрігердің айтуынша, аудан басшысы екпені таңертеңгі уақытта келіп алып кеткен. Жергілікті халықтың мұң-мұқтажын…
CaspianLife, 14 маусым — АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі «Трамп қабырғасына» бөлінген 2,2 миллиард долларды елдің әскери бюджетіне қайтарды. АҚШ Сенатының мәліметінше, нысанның құрылысына жалпы 16,45 миллиард доллар бөлінген. Оның 5,8 миллиардын Конгресс берct, қалған бөлігі қорғаныс бюджеті мен Қаржы министрлігінен тартылған. 2019 жылдың шілдесінде Жоғарғы Сот Пентагон бюджетінен осы қабырғаны салуға 2,5 миллиард доллар жұмсауға рұқсат беріпті. Трамп 2021 жылдың қаңтарында президенттіктен кеткен кезде билік қабырға құрылысына 6,1 миллиард доллар жұмсаған. Байден әкімшілігі «Трамп қабырғасын» салуға бөлінген 2,2 миллиард доллар Пентагонға қайтарылады деп мәлімдеді. Қаражат 11 штаттағы, үш аумақтағы және 16 елдегі 66 әскери жобаға жұмсалады деп жоспарлануда. Пентагонға қайтарылған…
CaspianLife, 14 маусым — Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев балықтың қырылуына жылқы зәрі себеп болуы мүмкін деген пікірін айтты. 10 маусымда Қызылқожин аймағындағы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балық қырылып жатыр деген хабар түскен. Ноғайты және Сағыз өзендерінің қосылған тұсында 150 келі өлі балық жиналыпты. Осы оқиғаға түсініктеме берген әкім оқиға орнына облыстан арнайы комиссия келгенін атап өтті. «Балықтың қырылу себебін анықтау үшін аудан әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Балық пен судың құрамы сараптамаға жіберілді. Нәтижесі шыққаннан кейін хабарланады. Айта кету керек, Ноғайты өзені көктем мезгілінде тез тасып, өзен сулары кішігірім көлшіктерді құрап (ең терең жері 50-60…
CaspianLife, 14 маусым — Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында қайғылы оқиға тіркелді. Мердігер компаниялардың бірінің қызметкері көп тонналы жүк көлігінің астында қалып, қаза тапты. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға өткен сенбі, яғни 12 маусым күні сағат 17.00-де болған. «Теңіз кен орнында «Шахман» жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі сол компанияның жұмысшысын қағып кетті. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам қаза тапты», — делінген ақпаратта. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
CaspianLife, 14 маусым — Құлсары қаласында жүріп келе жатқан көлік терезесінен денелерін шығарып, ту желбіретіп келе жатқандардың кім екені анықталды. 13 маусым күні Құлсары қаласының орталық көшесімен қауіпсіздік шараларын сақтамай жүріп бара жатқан автокөлік Жылыой ауданы Полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнекамерасымен анықталған. Видеода екі азаматтың көлік терезесінен денесін шығарып мемлекеттік туды ұстап тұрғандарын көруге болады. Сәйкесінше, патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлік жүргізушісіне және екі жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 593-ші және 619 баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.
CaspianLife, 14 маусым — Қаладағы Гауһартас тұрғынүй кешенінде орналасқан тұрғынүйдегі 8 пәтер өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Тұрғындардың кейбірі күні кеше жөндеу жұмыстарын жүргізген көрінеді. Айтуларынша, өртті дер кезінде сөндірілмеуіне бірнеше себеп болған. Мысалы, үйлердің арасындағы көлік жолының тар болуы құтқарушыларға қиындық келтірген. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 50 қызметкер мен 8 техника және өзге де мекемелерден 20 адам мен 7 техника жұмылдырылған. Айта кету керек, кеше, яғни 13 маусым күні кешкі сағат 10-дар шамасында Call центр орталығына Атырау қаласы, Сарықамыс ықшам ауданы, 2 қатарлы «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен өрт шыққандығы туралы хабар түскен. Өрт…
