CaspianLife, 16 маусым — Маңғыстаулық шенеуніктер малдың картонмен азықтанып тұрған видеосына түсініктеме берді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі өңірдегі құрғақшылықтың салдарынан көптеген фермерлердің малды азықтандыруға мүмкіндігі жоқ екенін растады. Аталған мәселе Ақтөбе облысының фермерлерінен шөп жеткізу және жайылымдар мен шабындықтарға жер беру арқылы шешіліп жатқан көрінеді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет малдың жеміне 200 миллион теңге бөліпті. Маңғыстаулық фермерлердің бірі түсірген видео барлық әлеуметтік желіге тарап үлгерген. Роликтің авторы түйелерді картонмен тамақтандыру, құрғақшылыққа байланысты жемнің жоқтығы туралы айтады. Кейбір жануарларға тіпті картон да жетпейтін көрінеді. Бейнероликте қоқыс жәшігінің жанында жайылып тамақ іздеген сиырлар мен жылқыларды көруге болады. Жергілікті әкімдік өкілдері өңірге жем-шөп…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 маусым — Қазақстанның Халық партиясы фракциясының депутаттары табыс деңгейіне, отбасы жағдайына және балалар санына қарамастан, қазақстандықтар үшін тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын кеңейтуді ұсынды. Мысалы, жалақысы 150-200 мың теңге болатын мемлекеттік қызметшілер сол бғадарламалардың бірде-біреуіне қатыса алмайды. Депутаттық сауал осындай ұсыныспен премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жіберілді. Депутаттардың пікірінше, мемлекеттік бағдарламаларға соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы айына 126 917 теңгеден аспайтын қазақстандықтар қатыса алады. Алайда, мемлекеттік бағдарлама аясында кезекте тұрғандар арасында санаттар бойынша бөліну және отбасы жағдайы белгілері бойынша олардың құқықтарына қысым жасау, балалардың болуы және ең төмен күнкөріс деңгейі түрінде шектеулер болмауға…
CaspianLife, 16 маусым — Вакциналау өз қарқынымен жүріп жатыр. Бірінші компонентпен 2 587 884 адам егілді, бұл тиісті халықтың 26% — ын құрайды. Екінші компонентпен 1 480 309 қазақстандық қамтылды. Егу пункттерінде вакцинаның жеткілікті мөлшері бар, яғни, әр компоненттің 1,2 миллион дозасы. Мұндай мәліметтерді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте келтірді. Оның айтуынша, вакциналарды кезең-кезеңмен жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылды. Негізгі партия Қарағандыдағы зауыттан шыққан. Егудің пайдасы туралы үгіт-насихат жұмыстары да жүргізілген. Бұл тақырыпқа қатысты еліміздің басты ақпараттық алаңында 3,5 мыңнан астам жарияланым, 17 мың материал жарияланып, 22 брифинг өткен. Нәтижесінде вакцина салдырам деушілер қатары көбейіпті.…
CaspianLife, 16 маусым — Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған дәстүрсіз діни ағым өкілдері ұсталды. Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаменті хабарлады. “Карасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Атырау облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы аумағында Орал қаласынан келіп синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстады», делінген хабарламада. Ұсталған кезде күдіктілерден синтетикалық есірткі бар зип пакеттеріне оралған 46 түйір табылды. Одан бөлек, олардың жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі тәркіленді. Нәтижесінде, жалпы сомасы 24 млн. теңгеге жуық…
CaspianLife, 16 маусым — Оралда түзеу мекемелерінің бірінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметші оққа ұшты. Жігіт алған оқ жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. «Қатардағы жауынгер қарауылда қарумен жүріп, өзін-өзі жарақаттады. Жедел-жәрдем бригадасымен ауруханаға жіберілді. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта гарнизонның тергеу органдары тергеуге дейінгі іс-шараларды жүргізуде. Тергеу аясында басқа ақпарат жоқ», — деді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов. Оқиға таңертең болғаны белгілі. Солдат облыстық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.
CaspianLife, 16 маусым — «Қазгидромет» РМК Қазақстанның барлық өңірлері бойынша атмосфералық ауаның сапасы туралы апта сайынғы ақпараттық анықтаманы жариялады. Таратылған ақпаратта бір апта ішінде, 8-14 маусым аралығындағы кезеңде Атырау қаласы бойынша атмосфералық ауа сапасының шекті нормадан асып кетуінің 12 жағдайы тіркелгені көрсетілген. Атап айтқанда, Бигелдинов көшесі, 10 «а» Атырау филиалының маңында (№6 п.) және Береке шағын ауданы — Береке өндірістік аймағының ауданында (№9 п.) тіркелген.
CaspianLife, 15 маусым — Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова алдағы бес жыл ішінде мемлекет екі миллиард ағаш отырғызуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты. «Елімізде күзгі отырғызу 48 миллион 200 мың ағашты құрайды. Отырғызылған ағаштардың саны жыл сайын өседі. Келесі жылы шамамен 244 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда. 2023 жылы — 411 миллион, 2024 жылы — 573 миллион және 2025 жылы-643 миллион ағаш. Ағаш түрлеріне тоқталатын болсақ, сексеуіл, қарағай, үйеңкі, қайың, шегіршін және басқа да тұқымдарды отырғызу жоспарлануда», — деп хабарлады вице-министр ОКҚ өткен онлайн-брифингінде. Оның айтуынша, екі миллиард ағаштың 1,5 миллионға жуығы әкімдіктердің үлесіне тиесілі. Орман пайдаланушылар мен халықаралық…
CaspianLife, 15 маусым — Үндістанның Мизорам штатында әлемдегі ең үлкен отбасының 76 жастағы отағасы қайтыс болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ өкілдері хабарлады. Сондай-ақ, аталған штаттың бас министрі де қайғылы хабарды Twitter-парақшасында жариялады. «Бүгін әлемдегі ең үлкен отбасының отағасы Зиона Чана қайтыс болды. Оның отбасы тұратын ауыл шатымыздың басты туристік орындардың бірі еді. Жатқан жерің жайлы болсын» делінген министрдің мәлімдемесінде. Зиона Чана, бірнеше әйел алуға рұқсат ететін полигамия тәжірибесін ұстанатын діни сектаның жетекшісі 13 маусым күні түнде қайтыс болған. Оның 38 әйелі, 89 баласы және 36 немересі бар. Кей деректерде жұбайының саны 39 деп те айтылады. Ер адам қант диабеті мен гипертониядан…
CaspianLife, 15 маусым — Қырғызстанда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматуллаев баспасөз мәслихатында мәлім етті. «Пандемия басталғалы эпидемиологиялық ахуалдың екі рет өршігені байқалды: 2020 жылдың шілдесінде және қарашасында. Бүгінде 2021 жылдың сәуірінен бері инфекцияның үшінші толқыны жүріп жатқаны байқалады» деді ол. Министр орынбасарының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға дайын. «Қызыл» аймақта жұмыс істеу үшін кадрлар резерві құрылған, сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған науқастарды орналастыру үшін қосымша төсек-орын дайындалған. Қырғызстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары 2020 жылғы наурыз айында анықталған. Былтыр шілдеде күн сайын инфекция жұқтырғандардың мыңнан аса дерегі тіркелген. Ал осы жылдың маусымынан бастап…
CaspianLife, 15 маусым — Кеше кешке қарай Новосібірдегі Гусинобродск тасжолында орналасқан жанармай құю бекетінде өрт шығып, май толы резервуарлар жарылды. Қазіргі уақытта 21 адамның зардап шеккені туралы ақпарат бар. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеолармен әлеуметтік желіні толтырып-ақ жатыр. ТЖМ өкілдері өртті 90 адам, 25 техника сөндіргенін хабарлады. Новосібір облысы бойынша ТЖМ бас басқармасы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дмитрий Ярцев қызыл жалынның кесірінен газ тасымалдауға арналған автомобиль мен газ резервуары жойылғанын мәлімдеді. Өрт Атырау уақытымен кешкі жеті шамасында толық сөндірілді.
