CaspianLife, 6 қыркүйек — Маңғыстау облысындағы Боранкөл кен орнындағы жатақханада өрт шықты. Бұл туралы бүгін таңертең «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, 6 қыркүйекте Мәскеу уақытымен таңғы сағат 04.55 шамасында Маңғыстау облысындағы Боранкөл кен орнында «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС МНК екі қабатты жатақханасы өртенді. Қазіргі таңда өрт толықтай сөндірілген. Тілсіз жаумен күреске «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС қызметінің екі өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды және үш адам жарақат алған. «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы оқиға орнына барды», — делінген ресми хабарламада.
Сондай -ақ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб орналастырылған. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.