Норвегияның арнайы қызметі ұлттық парламенттің серверін Ресейдің мемлекеттік құрылымы мен хакерлері бұзбақ болды деп күдіктенуде.
Полиция қызметі 24 тамыз күні жасалған кибершабуылды тергеу барысында осындай тұжырымға келген. Сол күні парламентшілердің электрондық пошта жәшіктерінен айтарлықтай мәлімет ұрланған. Арнайы барлау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, бұл Ресейдің әскери барлауымен байланысты «Fancy Bear» тобының қатысы бар операция болуы мүмкін.
Нәтижесінде, хакерлер бірқатар шет елдің барлау қызметінің қызығушылығын тудыратын ақпаратқа қол жеткізген. Мәскеу болса тағылған айыппен келіспейді. Норвегиядағы Ресей елшілігі тергеудің нәтижесіз аяқталғанын және ресейліктердің оған қатысы барын дәлелдейтін деректің болмағанын айтты.