Қазақстанда балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM-карта енгізілмек. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына берген Асқар Мәмин айтты.
Асқар МӘМИН, ҚР Премьер-министрі:
Қазіргі уақытта кибербуллингке қарсы іс-шаралар 2020–2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөніндегі жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда.
Бірыңғай тарифі бар SIM-карта енгізуді қолға алған Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктері, жергілікті атқарушы органдар бұл жобаның жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің профилактикасы, азаматтардың цифрлық беделін қорғау, әлеуметтік желі мен интернеттегі мониторинг және тосқауыл қою, сондай-ақ, қолайсыз контенттен балаларды қорғау үшін тиімділігін айтады.