Ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы сериялық топтамасы алдағы екі апта ішінде шығарылатын болады. Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ведомство басшысы Михаил Мурашко ресми түрде тіркелген әлемдегі коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның ең бірінші ішкі нарыққа, соның ішінде дәрігерлерге берілетінін айтты. Сондай-ақ, сыртқы айналымға да шығарылмақ. Осы бойынша келіссөздер басталып та кетті.
Алайда батыс елдері препараттың толық дайын екендігіне күмән келтіріп, оны өндіріске шығару туралы шешімді сынға алды. Олардың айтуынша, тестілеуді екі ай ғана жүргізіп, вакцина толық дайын болды деу – қателік.
Амеш АДАЛЬЯ, Джонс Хопкинс университетінің өкілі:
– Қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны жасап шығару – басты мақсат емес. Сонымен бірге, халықты сол препаратты пайдаланудан қорықпауға сендіру де маңызды. Егер өнідіріске шығарылып жатқан ресейлік вакцина адамдарға кері әсер ететін болса, әлем халқы басқа да екпелерді қабылдаудан қорқып қалуы мүмкін.
Десе де, ресейліктер мамандар мұндай сынды негізсіз деп атады. Себебі, жақсы зерттелген платформада дайындалған вакцина сынамасы бірнеше адамға егілген. Олардың қатарында Владимир Путиннің қызы да бар көрінеді.
Сонмен қатар, «Вектор» ғылыми орталығында тағы бір ресейлік препараттың сынағы жүргізілуде. Оның өндірісі қараша айында басталады деп жоспарлануда.