Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 18 наурыз. Бүгін Мемлекет басшысы жаңа ведомство басшысын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. «Сатқалиев Алмасадам Майданұлын Қазақстан Республикасының Атом энергетикасы агенттігінің Төрағасы етіп тағайындап, оны бұрын атқарған қызметінен босату», — делінген Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың бүгін Ақорда сайтында жарияланған Жарлығында.

Read More

Caspianlife, 18 наурыз. Облыстық штабтың су тасқынына дайындық мәселелері бойынша отырысында өңір басшысы Серік Шәпкенов уәкілетті органға қорғаныс бөгеттерінің сапасын тексеруді тапсырды. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Салауат Төленов 16 наурызда Ириклин су қоймасынан су жіберу көлемі 201 текше метр/сек, ал Еділ су қоймасынан 5070 текше метр/сек болғанын мәлімдеді. — Ресейдің Гидрометеорология қызметімен бірлесіп жасалған гидрологиялық болжамға сәйкес, көктемгі су тасқыны кезінде Атыраудағы Жайық өзенінің гидробекетінде судың ең жоғары деңгейі 430-490 см аралығында болуы мүмкін. Бұл – көпжылдық орташа мәннен (норма – 455 см) 33 см жоғары. Өткен жылы су деңгейі 600…

Read More

Caspianlife, 18 наурыз. 2025 жылғы ақпан айының басында Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Әсіресе, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мүмкіндігі басты назарда болды. Қазақстан мен Грузия бай табиғи ресурстарға ие және стратегиялық маңызы бар елдер. Қазақстан Еуропа нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуді көздесе, Грузия Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көлік торабы ретінде сенімді серіктес бола алады. Осы орайда, тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту, қолданыстағы бағыттарды жаңғырту және жаңа жолдарды салу мәселелерін талқылады. 2025 жылдың сәуір айында Грузияның Поти…

Read More

Caspianlife, 18 наурыз. Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің бойында елді мекендер арасында уақытша өткел салу үшін Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері батыс өңірге темір жол көлігімен аттанды. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, понтондық көпір паркінің элементтері теміржол платформасына тиелді, оның ішінде екі үлкен тонналық автомобиль-понтондық көпір сегменттері бар көлік (КрАЗ-255Б), суда жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасында екі сүйреткіш-моторлы қайық бар. Техниканы майор Наурыз Төлеуовтың басшылығымен 58012 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісінен құралған топ алып жүреді. Мамандар байланыс құралдарымен және қосымша заттармен жабдықталған. «Әскерилер оқиға орнына жеткен соң, азаматтарды, техниканы, материалдық қорларды және үй жануарларын тасымалдау…

Read More

Caspianlife, 18 наурыз. Бүгін шамамен сағат 07:00-де ж тасқын салдарынан судың Жем көпірінің маңындағы айналма жолды су алуына байланысты“Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз” автожолының 3-92 шақырым аралығында( Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін)барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қандыағаш пен Ембі қалалары арасындағы жол бөлігі жабылады. 18 наурыз таңертеңгі дерек бойынша, су тасқыны жолдың 100 метр бөлігін басты, су деңгейі 50 см-ге жетті.

Read More

CaspianLife, 17 наурыз.  Бұл жөндеу жұмыстары Құрманғазы көшесі мен Нысанбаева көшесінің қиылысында (бұрынғы «Аптекоуправление» ауданы) орналасқан су көтеру насос станциясында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты.  «Атырау облысы Су Арнасы» КМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына байланысты 18 наурыз күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады: Жұмыскер-1 ықшам ауданы — Жұмыскер-2 ықшам ауданы — Өркен ықшам ауданы — Өркен-2 ықшам ауданы — Ракуша ауылы — Балауса ықшам ауданы

Read More

CaspianLife, 17  наурыз. Маңғыстау облысының прокуратурасы кешенді тексеру нәтижесінде «Buzachi Operating Ltd»  компаниясының филиалы қызметінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады. Маңғыстау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, компания алты жыл бойы мұнай мен газды шығынға ұшырата отырып, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген, сондай-ақ көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жағуды жүзеге асырған. «Прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде сот шешімімен компания 8,4 млрд теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттелді. Апелляциялық саты алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді. Биылғы наурыз айының басында компания мемлекетке келтірілген шығынды толық өтеді», — деп мәлімдеді прокуратура.

Read More

CaspianLife, 17 наурыз. Бүгін түнде өңір аумағында орналасқан нысандарға ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) арқылы жаппай шабуыл жасауға әрекет жасалды. Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің мәлімдеуінше, шабуылға отын-энергетика кешенінің нысандары да ұшыраған. Оның айтуынша, жұмысшылар алдын ала эвакуацияланған. Радиоэлектрондық күрес (РЭК) және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) құралдары штаттық режимде жұмыс істеген. «ҰҰА сынықтары нысан аумағына құлаған кезде өрт шықты. Жағдай бақылауда, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына дереу жетіп, салдарын жоюға кірісті. Шабуыл кезінде бір адам зардап шекті. Қазіргі уақытта ол ауруханаға жеткізілді», — деді губернатор.

Read More

CaspianLife, 17 наурыз. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов Атырау облысындағы Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс барысын қайта тексерді. «QazaqGaz» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Kazakh Construction Group консорциумы басшылығына құрылыс қарқынын жеделдету, кадрлық ресурстарды арттыру және маңызды жабдықтарға тапсырыстар беру тапсырылды. «Жабдықтарды монтаждау екі ауысымда жүргізілуде, бұл жұмыстың қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта салмағы 170 тонналық абсорбциялық колонна және ES-0701 түтін мұржасының екінші деңгейі орнатылды. Жалпы, механикалық жабдықтарды орнату 15,6%-ға аяқталды. Құрылыс алаңында 1 078 адам мен 189 техника жұмыс істеуде. Қауіпсіздік стандарттарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде»,…

Read More

CaspianLife, 14 наурыз. Ақорда баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауын жариялады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Наурыз мерекесінің жаршысы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұзақ қыстан кейін бір-бірінің амандығын сұрау – ғасырлар тереңінен тамыр тартқан ерекше дәстүріміз. Бұл күні адамдар туған-туыстарымен, жақындарымен жүздесіп, үлкендерден бата алады. Осындай дәстүрлер арқылы халқымыз жас ұрпаққа бауырмалдық пен жанашырлық, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін сіңірген. Бүгінде бұл құндылықтар «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өз жалғасын табуда. Наурыз мерекесінің алдында өтетін көрісу дәстүрі қайта жаңғырып, бүкілхалықтық сипатқа ие болуда. Оның ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін. Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт тілеймін! Баршаңызға…

Read More