Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 наурыз. Көрісу күні мен Наурыз мерекесіне орай 14 наурыз және 22 наурыз күндері Атырау қаласы мен оған қарасты ауылдық округтерде қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Осы ерекше күндері сіздер жақындарыңызбен қауышып, Наурыз мерекесін кеңінен атап өте аласыздар. Қоғамдық көліктегі тегін жол жүру тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды», — деп атап өтті қала әкімдігі.

Read More

CaspianLife, 13 наурыз. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азаматшалар М. мен Н.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды. Telegram-дағы «АТЫРАУ СОТТАРЫ» арнасының хабарлауынша, сот анықтағандай: «… сот отырысы барысында азаматша М. залдағы сот процесі кезінде қолымен компьютер мониторын және үш микрофонды әдейі зақымдаған. Сол уақытта азаматша Н. аяғымен сот залының есігін теуіп, оны сындырып, өзгенің мүлкін қасақана бүлдірген. Құқық бұзушылардың кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық ісінің материалдарымен дәлелденді». Сот қаулысымен азаматша М. мен азаматша Н. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Дереккөз: www.caspianlife.kz

Read More

CaspianLife, 13 наурыз. Бұл мәселе премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және оның салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында талқыланды. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірлердегі гидрометеорологиялық жағдай туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндама жасады. Су тасқыны жағдайын «Tasqyn» жүйесінде модельдеу нәтижелері туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, су нысандарындағы ахуал туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, төтенше жағдайларға дайындық шаралары туралы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов баяндады. Сонымен қатар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімдері су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар…

Read More

Caspianlife, 13 наурыз. Ұлттық компания Kazakh Tourism 2024 жылғы «eQonaq» жүйесінің деректерін талдап, Қазақстанның батыс өңірлерінде қонақүйлерді жиі таңдаған елдерді анықтады. Kazakh Tourism мәліметінше, 2024 жылы Атырау облысына ең көп Өзбекстан азаматтары келген. Екінші орында – Ресей Федерациясы. Үшінші орынға Ұлыбритания азаматтары жайғасты. Сондай-ақ, Атырау облысындағы орналастыру орындарында АҚШ, Үндістан және Қытайдан келген қонақтар жиі тоқтаған. Батыс Қазақстан облысына көбінесе Ресей, Өзбекстан және Италия азаматтары келген. Сонымен қатар, Орал қаласына Тәжікстан, Әзербайжан және Ұлыбританиядан да қонақтар жиі келген. Өткен жылы Ақтөбе облысындағы қонақүйлерді ең көп таңдаған елдер – Өзбекстан, Ресей, Қытай, Үндістан және Тәжікстан. Сонымен бірге, Түркия азаматтары да бұл…

Read More

CaspianLife, 13 наурыз. Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық және оны өткізу шараларымен байланысты. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 наурыздан бастап жеке құрам мен әскери техниканы теміржол көлігімен және өздігінен тасымалдау жоспарланған. Елдің кейбір өңірлеріндегі жол учаскелерінде уақытша қозғалыс шектеулері болуы мүмкін. Сонымен қатар, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын өткізу үшін әуе кеңістігін қысқа мерзімге шектеу қарастырылған. «Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылап алуды ұсынамыз. Сондай-ақ енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге…

Read More

Caspianlife, 13 наурыз. Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) E-Salyq Azamat және E-Salyq Business мобильді қосымшаларында алаяқтық әрекеттер анықталғанын хабарлады. Осыған байланысты МКК e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады: WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлер арқылы e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген күдікті файлдарды ашпау (e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді қосымшалары мессенджерлерге ешқандай хабарлама жібермейді); WhatsApp, Telegram және басқа мессенджерлер арқылы e-Salyq Azamat немесе e-Salyq Business атынан келген хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу; Қажетсіз мәліметтерді (Т.А.Ә., байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа деректер) толтырмау және ұсынбау. Техникалық мәселелер бойынша e-Salyq Azamat және e-Salyq Business мобильді…

Read More

CaspianLife, 12 наурыз. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша енгізілген түзетулерге сәйкес, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) енді дербес басқару нысаны болып саналмайды. Бүгін Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, енді ПИК бірнеше үйді біріктіретін шаруашылық құрылым ретінде қарастырылады, олар ортақ мәселелерді шешу үшін (мысалы, аумақты тазалау, лифтілерді пайдалану) жұмыс істейді. «Осыған байланысты барлық ПИК міндетті түрде қайта тіркеуден өтіп, жаңа жарғыларын қабылдауы керек және тек коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс істеуі тиіс. Мұндай кооперативтердің кірістері мүшелері арасында бөлінбей, тек шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалуы қажет», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 12 наурыз. Осы жылдың басында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚТЖ және құқық қорғау органдары бастамашылық еткен түзетулер темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне және темір жол өткелдерінде жүру ережелеріне байланысты бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтеді. 559-бапқа сәйкес, келесі заңбұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері артты:  — Ат арбаларының (шаналардың) жүру және темір жолдар арқылы жануарларды айдау қағидаларын бұзу, сондай-ақ темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаю — 5 АЕК айыппұл немесе 19 660 теңгені құрайды (2025 жылға АЕК 3 932 теңге ). Осы…

Read More

CaspianLife, 12 наурыз. 7-9 наурыз аралығында Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Маңғыстау облысы әкімдігі өкілдерімен және «Микробиология және вирусология» ғылыми-өндірістік орталығы мамандарымен бірге Каспий теңізінің жағалау сызығына мониторинг жүргізді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметі хабарлады АШМ мәліметінше, қазіргі уақытта ауа райы жақсарып, итбалықтардың көпшілігі өздігінен табиғи мекеніне оралған. Іздеу жұмыстары барысында мамандар шамамен 30 жас итбалықты тауып, суға жіберді. Сонымен қатар, 12 наурызда теңізден алысқа кеткен итбалықтарды анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен әуе бақылауы жоспарланған. Жағдай АШМ-ның бақылауында. (Фото: Telegram-арна AGROPRESS)

Read More

CaspianLife, 12 наурыз. Камызяк қаласында (Астрахан облысы) тығылмақ ойыны қайғылы жағдайға айнала жаздады: бала құбырға қысылып қалды. Астрахань облысы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының мәліметінше, «… қыз өзі шығуға тырысқан, алайда аяғы көлденең тұрып қалған. Құтқарушылар алдымен құбырды қазып алып, кейін кесіп шығаруға шешім қабылдады». Жоғары берікті асбестті цемент материал жұмысты қиындатты: діріл балаға ауыр тиді. ТЖМ қызметкерлері қызды қорғау үшін тақтайлар мен көрпелерді қолданды. 40 минуттан кейін бала құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады. (Фото/видео Астрахань облысы ТЖМ)

Read More