Қазақ даласының данасы да, дарасы да болған ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде дәстүрлі студенттік- практикалық коонференция өтті.
Ғұмырын ағартушылыққа арнап, келешек ұрпақты озық елдердің мәдениетін сіңіруге шақырған ерен тұлғаның үлгі-өнегесінің ғасырлар өтсе де өлмейтіні сөзсіз. Тағылымды іс-шара үш тілде өтті.
Болат НЫҒМЕТОВ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ доценті
«Абай және қоғамның рухани дамуы» атты конференцияның тақырыбында көрсетілгендей, қоғамымыздың рухани өркениет мәселесінде студенттер өздерінің ойын білдіріп жатыр. Бұл – біздің дәстүрлі конференция. Қазір аясы кеңейіп, Абай атындағы педагогикалық университет пен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері онлайн қатысып отыр.
Шара карантиндік шектеулерге байланысты онлайн және дәстүрлі форматта өтті. Белсенді қатысушылардың бәрі мақтау қағаздарымен марапатталып, ұлы ақынның өлеңдері оқылып, қара сөздері талданды.