Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Беларусь билігін халықаралық стандартқа сай қайта сайлау өткізуге шақырды. Бұл туралы Венада өткен тұрақты кеңестің жабық отырысында айтылды.
Ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы тапсырған есепте Беларусьте 9 тамыз күні өткен президент сайлауының нәтижесін жою туралы ұсыныс болған. Сондай-ақ, сайлау процесі кезінде биліктің заңнаманы бұзғанына назар аударылып, адам құқығын таптау фактілерін бойынша айыптады. Бұл баяндама АҚШ, Франция, Ұлыбритания және т.б. 17 мемлекеттің өтініші бойынша әзірленген. Құжатта 700-ге жуық айғақ-дәлел келтірілген. Ал Минск болса, аталған құжатты дайындауға қатысудан бас тартқан.
Еске салсақ, 9 тамыз күні болған президент сайлауынан кейін Минск пен елдің өзге қалаларында наразылық акциялары басталған еді. Халық Лукашенконың отставкаға кетуін және сайлауды қайта өткізуді талап етуде. Қарсылық танытқан тұрғындарды басу кезінде кемінде 4 адам қаза тауып, тағы алтауы із-түссіз жоғалып кеткен. Ал зардап шеккендер мен қамауға алынғандардың саны әлі белгісіз.