Бұл жөнінде облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі баяндады.
Аталған басқарманың басшысы Сатқан Есенғалиевтың айтуынша, биыл мектеп оқушылары оқулықтармен толығымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда оқулықтар мектептерге таратылуда.
Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы:– Жаңа оқу жылында атыраулық оқушылар кітаптан еш таршылық көрмейді. Облыстық білім беру басқармасы 738 353 дана оқулық сатып алу үшін 19 баспамен 110 келісім-шарт жасаған еді. Бүгінде сол оқулықтар баспалардан толықтай алынды.