Өзбекстан азаматын бопсалап, жарты миллион теңге талап еткен екеу ұсталды. Өздерінің қаржылық мәселесін қарақшылықпен шешкісі келген 37 және 41 жастағы ер адам шетелдік жігітті көшеден ұстап алған соң оны ақша алып келуге жіберген.
Осы кезде екеудің құрығынан босап шыққан азамат дереу полицейлерге хабарласып, арызданған.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:
– Ұсталғандардың бірі – осыған дейін сотты болған Жылыой ауданының тұрғыны тергеу абақтысына, ал екіншісі үй қамаққа алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.