Caspianlife, 27 шілде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты.
Кездесу барысында облыс басшысы аймақтағы басым міндеттер мен ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы есеп берді. Әсіресе, мұнай-газ химиясы саласын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы басты назарда болды.
Талқыланған түйінді мәселелер:
— Экономиканы әртараптандыру және жаңа өндіріс көздерін ашу;
— Инженерлік желілер мен көлік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту;
— Өңірдегі экологиялық ахуалды оңалту;
— Республикалдық деңгейде қолдауды қажет ететін стратегиялық жобаларды жүзеге асыру.
Жиын қорытындысында Президент Атырау өңірін тұрақты дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді.

