CaspianLife, 31 тамыз — Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесуі кезінде мемлекеттердің сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды, деп хабарлады Ақорда.
«Екі елдің көшбасшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық құрылымдар аясында Қазақстан мен Беларусьтің өзара іс – қимылына ерекше назар аударылды», — делінген хабарламада.
Олар екі елдің сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылының оң динамикасын атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ақ, Беларусь Президентін туған күнімен құттықтапты.