Маңғыстауда құс шаруашылығының қожайыны 3 миллион теңге шамасында шығынға ұшырады. Өзінің айтуынша, тоқ көзін тасымалдаушы мекеме еш ескертусіз шаруашылықты электр қуатынан ажыратып тастаған. Соның кесірінен цехтағы мыңдаған балапан қырылып қалды.
Кәсіпкер бұл жағдайға қанаттылардың өлекселері айғақ болаатынын айтады.
Қуандық БҰРБАСОВ, құс шаруашылығының иесі
Инкубаторлық цехта, инкубатор балапандар шығып жатқанда АльянсЭнерго Снаб деген мекеме алдын ала ескертусіз тоқты айырып кетті. Екі сағаттың ішінде балапандардың жартысы шығып, жартысы шыға алмай үсіп өлді. Қазіргі уақытта 1 052 өлі балапан мен жұмыртқадан шықпай қалғандары да бар. Нақты шығын 2 500 миллион шамасында шығып тұр.
Шаруа енді тірі қалған мыңдаған балапаны үшін алаңдап отыр. Олардың тағдыры тіпті қыл үстінде дейді. Суыққа тоңған қалған 20 мыңға жуық балапанның жағдайы өте ауыр.
Қазір кәсіпкердің қарамағында 15 жұмысшысы бар. 2014 жылдан бері өңір халқын таза құс етімен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда жылына 300 тоннаға жуық өнім шығарылады. Ал шаруашылқты тоқ көзінен ескертусіз айырып тастаудың нақты себебін өзі де түсіне алар емес. Жыл басынан бері еш қарызы жоқ. Оған дәлел болатын қолында түбіртегі бар.
Гүлжан ӘЛІМБАЕВА, «АльянсЭнергоСнабАқтау» мекемесінің директоры
Бүгінгі таңда олар 120 мың теңге қарыз. Сол үшін электр энергиясын айырғанбыз. Ал мекеме өз шығындарын өзі өтеу керек. Өйткені, ол қарыз екенін білді. Алдын ала ешқандай шара қолданған жоқ.
Кәсіпкер мен мекеме арасындағы дау бейбіт жолмен шешілмесе, онда шаруа барлық шығынды сот арқылы өндіріп алуға үміттеніп отыр.