Израиль Біріккен Араб әмірліктері және Бахрейнмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Араб мемлекеттері ондаған жылдар бойы Израильді мойындамай келген. Осы уақытқа дейін еврей мемлекетімен тек Мысыр мен Иордания ғана дипломатиялық қарым-қатынаста болатын. Алайда соңғы жылдары Израиль мен Парсы шығанағындағы патшалықтар Иранға төтеп беру бағытында жақындаса бастады. Бұған АҚШ әкімшілігі үлкен үлес қосты. Дональд Трамптың Израиль премьер-министрі және Парсы шығанағындағы мемлекет басшыларымен қарым-қатынасы жақсы екені белгілі. Ақ үй басшысы жақын арада тағы да 5 араб мемлекеті Израильмен келісімге келетінін мәлімдеді. Қол қою салтанатына шақырылған қонақтар арасында Оман және Судан өкілдері болған. Олардың да еврей мемлекетімен арақатынасын реттеуі бек мүмкін.