Беларусь астанасында президент Лукашенкоға қарсы наразылық акциялары жалғасуда. Бейресми дерек бойынша, өткен жексенбіде 100 мыңнан астам адам алаңға шыққан.
Өткен аптада оппозиция белсенділері жаппай қамауға алына бастады. Шерушілер оппозицияның үйлестіру кеңесі мүшелеріне, акция кезінде жапа шеккендерге мен азаматтық ұстанымы кесірінен жұмыссыз қалған азаматтарға арнап батырлар маршын орындады.
Митинг жергілікті БАҚ және Telegram-арналарда тікелей эфирде көрсетілді. Ал Лукашенко бұл күні жұртшылық алдына шыға қоймады.