Қажеттілікке орай Атырау облысындағы оқушыларға мектептің 15 246 компьютері беріліп жатыр. Бірақ алдын ала оларды қайтарып беру туралы келісім жасалады.
— Қазіргі уақытта компьютерсіз 16 639 оқушыға мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілуде. Бүгінде 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылып берілуде, — деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева.