CaspianLife, 30 қыркүйек. Оқу-ағарту министрлігі мектептерде оқушылардың смартфон пайдалану қағидаларын бекітті. Бұйрық 9 қазаннан бастап күшіне енеді.
Енді білім алушыларға сабақ кезінде ұялы телефонды қолдануға келесі жағдайларда ғана рұқсат етіледі:
Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқу мақсатында, яғни тапсырманы орындау үшін қажет болса;
Оқушының өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда;
Денсаулық жағдайы бойынша ұялы байланыстың пайдалану қажеттілігі туындаса.
Яғни, қалған жағдайларда ұялы телефонды қолдана алмайды. Оқушы сабақ барысында телефонын өшіруі немесе дыбыссыз режимге қоюы тиіс.

