CaspianLife, 28 ақпан. 27 ақпан күні сағат 12:00-ден бастап Ақтау әуежайының ұшу-қону жолағы қолайсыз ауа райына байланысты тазарту жұмыстары үшін жабылды.
Air Astana әуе компаниясы әуежайдағы ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы жолаушыларға хабарлады.
«Осыған байланысты Ақтауға/Ақтаудан ұшатын KC 859 және KC 860 рейстері кешіктірілді. Бүгін, 28 ақпан күні сағат 06:00-де ұшу-қону жолағының жабылу уақыты қайтадан 12:00-ге дейін ұзартылды, себебі мұздану қаупі бар, бұл Ақтауға/Ақтаудан ұшатын рейстердің әрі қарай кешіктірілуі мен тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Жолаушылар рейстерінің мәртебесін Air Astana сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. Әуе компаниясы тасымалдаушыға байланысты емес себептермен туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Терминалда күтіп отырған жолаушыларға сусындар мен тамақ ұсынылды, ал басқа қалалардан келген жолаушылар қонақүйге орналастырылды», — делінген хабарламада.
Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы:
— help.airastana.com
— +7 727 244 4477
— +7 7172 584477
— +7 702 702 4477
Рейстердің кешігуіне байланысты жедел байланыс желісі: +7 7272 44 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com