CaspianLife,11 қараша – Атырауда күні бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала орталығындағы 30 мектеп-гимназиясының суға төзімді аспалы төбесінен су кетіп, жабындылары ісініп, түсе бастаған.
Қалалық білім бөлімі мамандары 30 мектеп-гимназиясы 2002 жылы қолданысқа берілгенін айтады. Оқиғадан кейін мектептің техникалық жағдайын тексеру үшін «Q-Эксперт» мекемесімен келісімшарт жасалды. Олардың қорытындысына сәйкес, мекеменің шатыры әбден ескірген, күрделі жөндеуді қажет ететін көрінеді. Алдағы күндері қажетті жобалы-сметалық құжаттар жасақталмақ.
Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, 12-қарашадан бастап оқу орны жұмысын офлайн форматта жалғастырады.
*иллюстративті фото