CaspianLife, 9 шілде — 10-шы шілдеден бастап «Ковид-19-сыз саяхаттаймын» қосымшасы арқылы кез-келген қазақстандық Ресейге құрлықтағы шекара арқылы кіре алады. Ол үшін смартфоныныңыздағы қосымша ПТР-тестілеудің теріс нәтижесін көрсетсе болғаны.
Қосымшаның қолайлылығы сол – оған аккредитациядан өткен жақын маңдағы зертханалардың бәрі енгізілген. Сіз тест тапсырғаннан кейін нәтиже көрсетілген бланктегі кюаркодты сканерлесеңіз жетіп жатыр. Ондағы ақпарат бірден экономикалық одаққа мүше елдердің ортақ базасына түседі. Ал, шекарашыларға тек кюаркодты көрсетесіз. Мұндай жаңашылдық құжаттарды қолдан жасауға жол бермес үшін енгізіліп отыр. Естеріңізге салайық, осы уақытқа дейін құрлықтағы шекарадан белгілі бір санаттағы азаматтарға ғана өтуге рұқсат етілген еді.