Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда алғаш рет Tomiris ақпараттық білім беру бағдарламасы басталды, деп хабарлайды CaspianLife.  Оған бойында көшбасшылық қабілеті бар 50-ге жуық жергілікті қыз-келіншек қатысуда. Мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлердің басын қосқан жиын 4 күн бойы өтеді. Жиналғандарға тәжірибелі мамандар көшбасшылық дағдыны дамыту, қаржылық сауаттылық, көп алдында сөйлеу, тайм менеджмент секілді тақырыпта дәріс оқиды.  Tomiris ақпараттық білім беру бағдарламасы былтыр жасақталды. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз жолдауында «әйелдердің мүмкіндігін кеңейту – қазіргі саясаттың басым бағыттарының бірі» деуі себеп болды. Мемлекет басшысы «әйелдер партиялық тізімде болып қана қоймай, парламент пен түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары құрамының 30%-ын құрауы тиіс» деген еді…

Read More

CaspianLife, 15 тамыз — Қаз-қатар тігілген киіз үй. Асық атып, ләңгі тепкен, арқан тартқан жастар. Мақатта кейінгі буын өкілдері өз мерекелерінде көңілді тимбилдинг ұйымдастырды, деп хабарлайды CaspianLife. Мерекелік басқосуға жергілікті және өзге аймақтарда білім алып жүрген жастар арнайы қатысты. «Өнерлі жастар», «Шабыт», «Сад сарбаздары», «Өнер қырандары», «Мәдениетті жастар» секілді командалар ұлттық ойындардан жарысып, өзара мықтыны анықтады. Мерекелік іс-шара әрі қарай аудан көркем өнерпаздарының гала концерті мен жастардың би кешіне ұласты.

Read More

Caspianlife, 15 тамыз — Мектеп формасына байланысты сұрақтарға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, деп хабарлайды CaspianLife Биыл міндетті мектеп формасы өзгертілді. Атап айтсақ мектеп оқушыларына поло жейде, водалазка мен тоқылған жемпір немесе түймелері бар кардиган киюге болады. Галстук тағу міндеттелмейді. Мектеп формалары күнделікті, спорттық және салтанатты болып бөлінеді. Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салады. Ұл балаларға арналған мектеп формаларына, поло жейде, футболка, пиджак, жакет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, кардиган, ал қысқы кезеңде водолазка мен тоқылған жилет киюге болады. Ал қыз балалар пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не…

Read More

caspianlife, 14 тамыз — «МАЭК» Маңғыстауды электр энергиясымен қамтамасыз етуді 50 пайызға қысқартты, деп хабарлайды CaspianLife. Бұған аймақты су, жылу және тоқпен қамтып отырған комбинаттың екі электр станциясындағы ақау себеп. Сондықтан жергілікті билік энергия тұтынуды шектеуге мәжбүр болып отыр. Әзірге тек «Өзенмұнайгаз» кен орнына 10 мегаватт тоқ берілуде. Ал өзге компаниялар электр энергиясымен түнде ғана қамтылады. Қазіргі кезде төрт аудан мен Жаңаөзен қаласына тоқ беруді шектеу жұмысы басталып кетті. Мамандардың айтуынша тұрғындар бір апта бойы  3- 5 сағат бойы  жарықсыз отырады. Ол туралы халыққа алдын ала хабарланады. Осы орайда жергілікті билік мемлекеттік органдар және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге ең алдымен…

Read More

caspianlife, 14 тамыз — 2012-2014 жылдары несие серіктестіктері арқылы 3 миллион теңгеге дейін несие алып, кәсіп бастаймын дегендердің қазір шоттары бұғатталып, шекарадан аса алмай отыр, деп хабарлайды CaspianLife. Несие тұрғындарға бір серіктестік арқылы рәсімделген. Енді оны уақытылы өтеп, құтылғандар қарызын жабуға асықпайтын өзгелерінің кесірінен зардап шегіп отырмыз дейді, Қызылқоға ауданының тұрғыны, Жәмилә АЛҚУАТОВА «Монша ашатын болдым. Моншамды ашып бастадым. Маған 2,5 миллион дым да болған жоқ. Газымның өзіне бірталай ақша кететін болды. Жерімді сатып алдым. 2,5 миллион моншаның жартысына жетпей қалды. Маған 5 жыл болмай жатып, арестке қойып тастады. +02:41 қазір кредитке кіріп отырмын. 11 миллион теңге дейді. Халықтың жағдайын…

Read More

caspianlife, 14 тамыз — Облыс орталығында құрылысшылардың кәсіби мерекесі тойланды. Тамыз айының екінші жексенбісінде аталып өтетін бұл мейрамды осы салада еңбек етіп жүргендер асыға күтеді. Мерекелік іс-шараның шымылдығын әртістер театрландырылған қойылыммен ашса, облыс басшылары сала қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады, деп хабарлайды CaspianLife. Іс-шара барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісіне «Құрылыс техникалық бюросы» ЖШС сарапшысы Талғат Бисенов, «Құрметті жолшы» төсбелгісіне «Атырауинжстрой» компаниясының бригадирі Ербол Қалмағанбетов ие болды. Сонымен қатар, бір топ маман министрліктің құрмет грамотасы мен алғыс хатын алды. Облыс әкімінің және AMANAT партиясы Атырау облыстық филиалының атынан берілген марапаттар да өз иелерін тапты. Сондай-ақ, облыс әкімінің…

Read More

caspianlife, 14 тамыз — Атырауда халықаралық жастар күніне орай «Таза аймақ – таза өмір» атты сенбілік өтті, деп хабарлайды CaspianLife. Тазалық акциясына түрлі мекеменің қызметкерлері, жергілік атқарушы орган өкілдері, жастар, спортшылар мен «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамындағылар қатысты. Барлығы 200-ден астам атыраулық «Тұрғындар қалашығы» мен «Авангард» ықшам ауданын байланыстыратын көпір маңын қоқыстан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы айналаны таңдауға тұрғындардан түскен шағымның көптігі себеп болған. Нәтижесінде акцияға қатысушылар 1 жүк көлігін қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарға толтырған. Фото: ser-per.kz

Read More

caspianlife, 14 тамыз — Атырауда алғаш рет әуесқой триатлоншылар арасында Swimrun Challenge жарысы өтті. Акватлон деп аталатын сайысқа 100 адам қатысып, жүзден жүйрік атануға тырысты. Ереже бойынша қатысушылар ең алдымен түрлі қашықтыққа жүгіріп, кейін жүзіп, судан шыққасын тағы да жүгіру керек, деп хабарлайды CaspianLife. Спорттық сайысты Atyrau Irom Team триатлоншылар клубы ұйымдастырды. Оларға қаладағы түрлі мекеме мен жергілікті әкімдік қолдау көрсеткен. Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздары марапатталып, медальдар мен ақшалай сыйлық табыс етілді.  Фото: inform.kz

Read More

caspianlife, 14 тамыз —  Жанбай ауылында Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, мемлекеттік қызметкер Адайбек Есекештің 60 жас мерейтойы атап өтілді. Және іс-шара аясында оның «Тіршіліктің тылсымы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі де ұйымдастырылды, деп хабарлайды CaspianLife Жиынға аудандық мәдениет бөлімі, «Нарын таңы» газетінің, ауыл әкімдігінің қызметкерлері, тұрғындар қатысты. Жастар жағы ақынның «Боз жусанның бүршігі», «Жүректегі жыр шыңы» атты жинақтарына енген өлеңдерін оқыса, ауыл үлкендері туған өлкенің тарихын жатқа білетін, сөзге жүйрік Адайбек Есекештің сан қыры туралы айтты. Сазды кеште айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының сәлем жеткізген ақын Серікбол Панабердиев авторға қазақтың қара домбырасын тарту етті.

Read More

caspianlife, 14  тамыз — Атырауда «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен ATYRAU QUIZ ойынының облыстық кезеңі өтті. Ақтық мәреге аудандық және қалалық іріктеу сайыстарынан жолдама алған 22 команда қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іріктеу ойындарында 500-ге жуық атыраулық білім сынаған. Бұл жастар арасында квизге деген қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді дейді олар, деп хабарлайды CaspianLife. Ойын «Кіріспе», «Сөзжұмбақ», «Тізбекті логика», «Үш әріп», «Қисын» және «Ақтық мәре» деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. 150-ге жуық қатысушы логикалық түрлі сұраққа барынша дұрыс жауап беруге тырысты. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша Атырау қаласынан қатысқан «Питүн» командасы 37 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды Мақаттан келген «Bas Time Maqat» командасы иеленсе,…

Read More