CaspianLife, 18 желтоқсан. Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic жоғары колледжінде «Силлено» ЖШС өкілдерінің қатысуымен «Полиэтиленді өндіру және оны қолдану» тақырыбында таныстыру-ақпараттық бағыттағы семинар өтті. Іс-шара Қазақстан мұнай-химия индустриясының даму перспективаларын талқылап, полиэтилен өндірісі туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарда «Силлено» ЖШС және «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу, жобалау институты» АҚ өкілдері сөз сөйлеп, зауыттың мақсаттары мен қызметін таныстырды. Қонақтар студенттерге зауыттағы мансаптық өсу және кәсіби білім жетілдіру мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, олар болашақ мамандардан қандай дағдылар мен біліктіліктер күтілетіні жөнінде айтты. Алғашқы сөзді «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу, жобалау институты» АҚ кешенді экологиялық қызмет көрсету орталығының директоры Бакен Болатханов алды. Ол «Силлено» жобасының жылына 1,25…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 желтоқсан. Атырау облысы полиция департаментінің (ПД) мәлімдеуінше, 29 жастағы Ақтау тұрғыны есірткі заттарын таратуды ұйымдастырды деген күдікке ілінді. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ұсталған. Күдіктінің жалға алған пәтерін тексеру барысында жалпы салмағы 211,84 грамм болатын «Альфа-PVP» есірткі заты салынған үш zip-пакет және 40 орама табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. «Есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында жөнелту немесе өткізу, егер бұл әрекеттер аса ірі мөлшерде жасалған болса,…
CaspianLife, 17 желтоқсан. Атырауда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция вейп сақтаумен және сатумен айналысқан 19 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті тыйым салынған вейптерді курьерлік қызмет арқылы жіберіп отырған. Қаланың бір дүкенін тексеру барысында үш мыңға жуық вейп сақталған қойма анықталды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ескерту: Вейп – бұл темекі шегуге арналған сұйықтықтарды қыздыру арқылы бу шығаратын құрылғы.
Caspianlife, 17 желтоқсан. Республикалық маңызы бар Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы (Астрахань бағыты) автожолын қайта жаңарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді. Хабарламада атап өтілгендей, жол учаскесінің ұзындығы 272 шақырымды құрайды. Жобаны іске асыру 2018 жылы басталған және Еуропа қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен қаржыландырылған. Қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін жол үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Енді трассада әр бағыт бойынша бір жолақтан тұратын екі қозғалыс жолағы бар, олардың әрқайсысының ені 3,75 метрді құрайды. Жоба аясында алты көпір, бір жол өткелі салынды, 60 су өткізгіш құбыр мен он демалыс алаңы абаттандырылды. Сондай-ақ…
CaspianLife, 17 желтоқсан. Қазақстанда бүгінгі күні 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген, олар күн сайын бүкіл ел бойынша жүк тасымалдайды. Бұл көлік құралдары жол жабынының жағдайына айтарлықтай әсер етеді, әсіресе олардың салмақтық және өлшемдік сипаттамаларын ескергенде. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің сайтында жарияланған мақалада көрсетілгендей, көлік жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және автожолдарға артық жүктеменің алдын алу үшін ауыр салмақты көліктердің салмағы мен өлшемдеріне тиімді бақылау қажет. Бұл міндеттерді шешу үшін 2025 жылға дейін 220 автоматтандырылған өлшеу станциясы (АӨС) орнату жоспарлануда. Станциялар тәулік бойы жұмыс істеп, автокөлік құралдарының салмағы мен өлшемдерін үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл көлік ағындарын тиімді қадағалауға, артық…
Caspianlife, 17 желтоқсан. Бұған дейін хабарланғандай, Қара теңіз айдынында «Волгонефть 239» және «Волгонефть 212» танкерлері апатқа ұшырап, экипаждың бір мүшесі қаза тапты. Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Қырым Республикасы және Севастополь қаласы бойынша бас тергеу басқармасының мәліметінше, теңіз көлігінің қозғалысы мен пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша екі қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. «Тексеру нәтижесінде мұнай танкерлері биылғы жылдың шілде айында қауіпті жүктерді тасымалдауға жарамдылығы бойынша тексеруден өткені анықталды. 10 қарашада «Волгонефть 212» кемесі «Саратов» портынан «Кавказ» портына жол тартқан. Дауылдың салдарынан танкер порттың солтүстігінде суға батып, мазут төгілген. Кемеде экипаждың он екі мүшесі болған, олардың бірі қаза тапқан. Марқұм –…
CaspianLife, 17 желтоқсан. Бұл туралы энергетика министрлігінің сайтында хабарланды, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша энергетика саласының негізгі жетістіктері мен даму перспективалары жарияланды. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың қарашасында «Қазақстанның БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасы сәтті жүзеге асырылды. Жоба аясында «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» бағыты бойынша ұзындығы 780 км болатын 220 кВ кернеулі электр жеткізу желісі (ЭЖЖ) салынды. Бұл қадам өткізгіштік қабілетін арттыруға және электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Келесі қадам ретінде 2028 жылдың соңына дейін Батыс аймағының электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйемен біріктіру жобасы жүзеге асырылады, бұл үшін Ақтөбе және…
Caspianlife, 16 желтоқсан. Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, Құрманғазы ауданы мен Атырау қаласы арасында күн сайын 53 орындық үш автобус қатынайтын болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) мәліметінше, жол ақысы – жолаушы үшін 2 мың теңге. Балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 50% жеңілдік қарастырылған. — Атырау қаласының автобекетінен автобустар сағат 07:00, 12:00 және 19:00-де, ал Құрманғазыдағы «Қазақтелеком» кеңсесі ғимаратынан сағат 06:00, 11:00 және 17:00-де шығатын болады. Маршрутқа жауапты кәсіпорын – «Akzhayik Avtopark» ЖШС, – деп мәлімдеді Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Жампейісов. ӨКҚ хабарламасында Атыраудан Құрманғазы аудан орталығына автобус бағыты 16 желтоқсаннан бастап жұмыс істейтіні, ал…
CaspianLife, 16 желтоқсан. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Серік Шәпкеновтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімделді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба аясындағы жұмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Ерұлан Серікқалиев баяндады. Оның айтуынша, жобаға 88 волонтер қатысуда. Олар мемлекеттік сатып алу саласында мониторинг жүргізіп, нәтижесінде 400 млн теңге үнемделген. Бұдан бөлек, басқа да тексерістер өткізіліп, заң бұзушылықтар анықталған. – Жыл басынан бері 32 әлеуметтік нысанға мониторинг жүргізіліп, 900 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға жол берілмеді, – деді Е. Серікқалиев. Өз кезегінде…
Caspianlife, 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын мемлекеттік мерекемен құттықтады. Құттықтау мәтіні Ақорда сайтында жарияланды. «Құрметті отандастар! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы. Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық…

