Атырау облысы – тағы да соңғы орындарда. Бұл жолы осы жылдың қаңтарында игерілмеген бюджет бойынша көтерем күйге түскен.
Бұл айда мұнайлы өңірдің шығыстары 92,6% болды, яғни 1 млрд 97 млн теңге игерілмей қалды деген сөз. Ал қаржы басқармасындағылардың айтуынша, мұның нақты себептері бар. Игерілмеген қаражаттың негізгі бөлігі қаңтар айынан бастап облыстық басқарманың қарамағына өткен Білім және спорт мекемелеріне тиесілі. Көшудің өзі қржының қозғалыссыз қалуына себеп болған.
Ақшаға қатысты жоспардың кешіктірілгені де соған байланысты көрінеді. Мамандардың айтуынша, қазір 1 миллиард 97 миллион теңге көлеміндегі қалдық толығымен игеріліпті.
Қаржы министрінің мәлімдеуінше, 2021 жылдың қаңтар айында республикалық бюджеттің шығыны 1 трлн 212 млрд теңгене жеткенмен, оның 65 млрд теңгесі игерілмеген. Министр қазынадағы ақшаның жұмсалмауына құжат рәсімдеу кезіндегі бюрократия негізгі себеп дейді.
Ал бұл мәселе әсіресе қаржы, Білім және ғылым, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар мен мәдениет және спорт министрлігіне қатысты.