Кеше, яғни 3 желтоқсан күні кешке уақытта Жаңаөзен қаласында инкассаторға шабуыл жасалды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлады.
Ақпаратты банк өкілдері де растады. Олардың айтунша, кешкі сағат 18:40 шамасында «Көктем» ықшамауданында орналасқан «Сбербанк Қазақстан» АҚ еншілес банкінің №2 бөлімшесінде инкассаторға 4 адам пышақпен шабуыл жасаған. Қылмыскерлердің қолында 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 рубль салынған үш қап пен Kaspi мультикассетасы кеткен. Инкасстор да қарақшылар мінген ақ түсті «Nexia» көлігіне 5 рет оқ атқан. Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы «Ұстау» жоспарын жариялады.
Болған оқиғаға байланысты құзырлы орган өкілдері әзірге ресми ақпарат таратпады.