Ақтауда кәмелетке толмаған балалар құрылысы аяқталмаған ғимараттың үстіне шығып, хоккей ойнаған. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады.
15-шағынаудандағы ғимараттардың бірінде болған хоккей полиция қызметкерлері барған соң ғана біткен. Мән-жайды анықтай келе, тәртіп сақшылары олардың 9 және 14 жасар балалар екенін білді. Қазір олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жағдайдың қауіпті екені ескертілді.
Облыста бірнеше күннен бері қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болғаны балаларға қызық тауып бергенмен, олар түрлі қауіптің де бар екенін ұмытпау керек.