Дональд Трамп егер сайлау алқасы оның жеңілгенін жарияласа, Ақүйден кетуге дайын екенін мәлімдеді. Десе де, ол сайлаудың әділетсіз өтті деген ұстанымынан бас тартпайтынын атап өтті.
Алдын ала нәтижелер бойынша демократиялық үміткер Джо Байден АҚШ президенттік сайлауында штаттардың 306 дауысына ие болды, ал Трампта – 232 дауыс. Сайлау комиссиясының мәліметінше, Байден АҚШ тарихындағы 80 миллион сайлаушының қолдауына ие болған алғашқы мемлекет басшысы болып отыр. Трамп ол нәтиженің қолдан жасалғанына сенімді. Оның командасы пошта арқылы келген бюллетеьдерді санау кезінде және бақылаушылар тарапынан құқықбұзушылықтар болғанын алға тартып сотқа шағымданған еді. Бірақ одан да еш қорытынды шықпады. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға жоспарланған. «Оған дейін АҚШ-та сайлауға қатысты әлі көп өзгеріс болады» деді Трамп.