Экология министрі ауа сапасы төмен 10 қаланың тізімін жариялады. Нәтижесінде, Атырау елдегі ең лас аймақтардың қатарына енді.
Атмосфералық ауаға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тізімге Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған мен Шымкент кірді.
Атыраудағы экология мәселесі онсыз да өзекті. Көмірсутегін қарқынды өндіру өңірді экономикалық тұрғыда дамытқанымен, қолайлы өмір сүруге кесірін тигізуде. Қалалардың экологиясын жақсарту үшін ЖЭО-ны газға ауыстыру, жеке секторды газдандыру, қоғамдық көліктер мен коммуналдық қызметтердің көлік құралдарын табиғи газға ауыстыру жоспарлануда.