Өткен 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасына қолжеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов мәлімдеді.
Атап айтқанда: өңдеу өнеркәсібі – 101,3%, инвестиция – 100,1%, ауыл шаруашылығы – 100,8%, құрылыс– 113,5%, тұрғын үйді іске қосу – 100,9% құрады, яғни 969,5 мың шаршы метр тапсырылды. Оның айтуынша, әлемдік дерт экономиканың барлық саласына әсерін тигізді. Сондықтан да өңір экономикасын әртараптандыру мен дамытуда негізгі екпін өңдеу өнеркәсібі, туризм, құрылыс, көлік және логистикаға беріліп отыр.
Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі
Өңдеу өнеркәсібін дамыту саласындағы өндіріс көлемі 1,3%-ға артып, 142,9 млрд. теңгені құрады. Мысалы, фармацевтикалық өнімдерді өндіру – 37%, минералды өнімдерді өндіру – 14,8% өсті. Биыл 23 млрд теңге болатын 8 жаңа жобаны іске қосылады. Нәтижесінде жаңадан 370-тен астам жұмыс орны құрылады.
Сонымен қатар, ол Маңғыстаудың инвестиция көздерін тарту бойынша үздік аймақтар қатарында екенін айтты. Биыл облыста 99 млрд. теңгенің 14 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 1 056 адам жұмыспен қамтылады.
Олардың ішінде отандық капиталдың қатысуымен 27,4 млрд. теңгенің 10 жобасы, шетелдік инвесторлардың қолдауымен 70,5 млрд. теңгеге 3 жоба, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігімен 1,9 млрд. теңгенің 1 жобасы бар.
Серікбай ТРҰМОВ, Маңғыстау облысының әкімі
Оның екеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске қосылды. Бірі – өздеріңізге белгілі жазда ашылған «Риксос Ақтау» туристік-қонақ үй кешені. Құны – 60,8 млрд. теңге. 635 жаңа жұмыс орны ашылды. Екіншісі, маусымда ашылған құны 8,6 млрд. теңге болатын «Теңіз суын дайындау және алынған мұнай орынына су жіберу» жобасы.
Соңғы төрт жылда инвестиция көлемі 37%-ға өскен. Ал биыл 450,1 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар келер жылы да жалғасады. Құны 81,1 млрд. теңге болатын 21 жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.