Ит төбелестірген маңғыстаулық азамат жауапкершілікке тартылды. Айыпты – Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
Қазан айында әлеуметтік желіні шарлаған ит-төбелес жануарлар құқығына бей-жай қарамайтын көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Кінәлі бейнекөріністің үш жыл бұрын түсірілгенін айтып ақталмақ болғанмен, полицейлер видеоның жақында ғана таспаланғанын анықтады.
Осылайша, азамат карантин режимін сақтамағаны үшін және жануарларды асырау, серуендету талаптарын орындамауы себепті жауапкершілікке тартылды.
Айгерім ИБАТУЛЛАЕВА, Маңғыстау облысы ПД бөлімінің бастығы
17 қазанның азамат Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылында бар танысын шақырып, ит таластырған. Келесі күні видеоны әлеуметтік желіге жүктеген. Қазір ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оның үстінен ҚР ӘК-нің 425, 408 баптары бойынша іс қозғалды.