Атырау қалалық пробация қызметі «Харекет» қайырымдылық қорымен бірге өздерінің есебінде тұрған көпбалалы сотталған әйелге төрт бөлмелі үй алып берді. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Көптен күткен баспананың кілтін облыстық пробация қызметінің бастығы Нұрлан Қаболов табыстады. Пробация қызметінің мәліметіне сәйкес 35 жастағы алты баласы бар жалғызбасты әйел ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) сотталған. Сондай-ақ ІІІ топ мүгедегі ретінде есепте тұр.
Жарқынай БАҚТИЯРОВА, пробация қызметінің инспекторы
Әр адам қателік жасайды. Бірақ жасаған қателіктеріне қарамай, біз оларға қол ұшын созуымыз керек. Осы азаматшаның кәмелетке толмаған балаларымен қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп, қайырымдылық қорларымен байланысып, «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілерімен бірге төрт бөлмелі үй алдық. Осы игі іске қолдау көрсеткен барша мейірімді жандарға алғысымыз шексіз.